Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Дүниежүзілік денсаулық күні аясында АПВ алдын алуға және жатыр мойынының обырын ерте сатыда анықтауға, сондай-ақ өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға арналған Ашық есік күні өткізіледі.

Астана қаласының әйелдерін онкогинекологтардың тегін кеңесіне келуге шақырамыз. Мекен-жайымыз: Керей және Жәнібек хандар көшесі, 3, КДО (емхана).

Қабылдау күні мен уақыты: 2024 жылғы 6 сәуір, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.

ҚР ДСМ статистикалық деректері бойынша, Қазақстанда жыл сайын жатыр мойыны обырының 2000-нан астам жағдайы анықталады. Онкологиялық аурулардың құрылымында жатыр мойыны обыры 5-ші орында, өлім-жітім бойынша 8-ші орында.

Жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған міндетті онкоскрининг елімізде 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдерді қамти отырып, 4 жылда 1 рет жүргізіледі.

ДДҰ 2030 жылға қарай 15 жасқа дейінгі қыздардың кем дегенде 90% АПВ-на қарсы егуді ұсынады. Бұл скринингпен және ерте емдеумен бірге жатыр мойны обырының жаңа жағдайларын 2045 жылға қарай 42% - ға азайтып, 2070 жылға қарай 14 миллион адамның өлімінің алдын алуы керек.

Ашық есік күні барысында ҰҒОО онкогинекология секторының меңгерушісі, м.ғ.к., онколог дәрігер, гинеколог, хирург Аида Фазылқызы Шакирова 2024 жылдың күзінде ел мектептерінде басталатын 11 жастағы қыздардың папиллома вирусына қарсы тегін вакцинация туралы егжей-тегжейлі айтып береді. 

АПВ вакцинациясын жүргізу Қазақстанда жатыр мойны обыры аурушаңдығын азайтуға мүмкіндік береді.

Сапалы кеңес алу үшін алдымен Сall-орталықтың 8-7172-702-911, 8-7172-702-900 телефоны арқылы онколог-гинеколог дәрігерлерге тіркеліп, қабылдау уақытына кешікпей келу қажет.

Жазылу жұмыс күндері жүргізіледі (дүйсенбіден жұмаға дейін) сағат 8: 00-ден 17:00-ге дейін.

Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз және алдыңғы тексерулердің нәтижелері болуы қажет (олар болған жағдайда).

❗️Өзіңізге уақыт бөліңіз және өз денсаулығыңызға мән беріңіз. Аурудың алдын алу - ең тиімді емдеу шарасы!

 

Возможно, это изображение 2 человека и текст

Нравится

Комментировать