Жаңа емдеу-диагностикалық корпустың құрылыс жобасын іске асыру аясында Ұлттық ғылыми онкология орталығына мейіргер ісі мамандығы бойынша қызметкерлерді іріктеу жүргізіліп жатыр.
Жаңа емдеу-диагностикалық корпусында ең үздік технологиялар ұсынылады, онда пациенттерге ерте диагностика жасаудан жоғары технологиялық емдеу және оңалтуға дейін медициналық көмектің барлық түрлері көрсетілетін болады: сәулелі және лазерлік терапия бөлімшелері, Протон және ядролық медицина орталықтары.
Талаптар:
- Медбикелік процестердің кезеңдерін нақты іске асыра білу;
- Пациенттерге сыпайы және мұқият қарау;
- Көп мәселелік жағдайда жұмыс істей білу;
- Ұқыптылық, белсенділік;
- Жинақылық, зерделілік және жылдамдылық;
- Штаттан тыс жағдайларды өткеру қабілеттілігі;
- Тәртіптілік, уақытты сезіну.
Сізді біздің Орталықта не күтіп тұр:
- Өз ісін ұнататын кәсіби мамандардың тату ұжымында жұмыс;
- Кәсіби және мансаптық биікке жету мүмкіндігі:
- – Жоғары медициналық мекемелердің оқытушыларын тартумен өндірістен үзбестен «мейіргерлік ісінің бакалавры» жоғары мейіргерлік білімін алу;
- – жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуде алдыңғы орындағы шетел клиникаларында оқыту.
- Халықаралық деңгейдің талаптарына сәйкес халыққа онкологиялық көмек көрсетуде жұмыс тәжірибесін алу.
- Еңбекақы төлемінің лайықты деңгейі (сұхбаттасуда жеке талқыланады).
Лауазымды позицияға талаптар туралы толық ақпаратты «Вакансиялар» - Медициналық мейіргер бөлімінен қараңыздар.
Қызуғушылық болған жағдайда, ҰҒОО менеджмент және мейіргерлік істі дамыту департаментіне хабарласыңыз.
Контактілер:
Галимова Гульмира Закиевна - +7(701) 908 49 37,
Мухамедгалиева Айнаш Алпысбаевна - +7(701) 881 21 15
Резюме жолдауға электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қ., Керей Жәнібек хандар көшесі, 3, Ұлттық ғылыми онкология орталығы.