Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Әлемдік статистикаға сүйенсек, халықтың 10% -(пайызға) жуығы созылмалы бүйрек ауруымен ауырады. Ал Қазақстан бойынша нақты мәліметтер жоқ, алайда шамамен 10% -(пайыз) деп алуға болады. Жыл санап науқастар саны қарқынды түрде өсіп келеді, - деп атап өтті ҰҒОО дәрігер нефролог Шолпан Асқарқызы Садықова "24.кz" телеарнасының тілшісіне берген сұхбатында.

- Бүйрек – өзі жайлы сыр білдірмейтін шыдамды ағза. Алайда бүйрек жетіспеушілігі кезінде ерте стадияларында ауру белгілері мүлдем болмауы мүмкін. Клиникалық белгілері тек ең соңғы сатыларында ғана болады. Бүйрек жетіспеушілігі кезінде жүрек айну, құсу секілді симптомдар болғандықтан науқастар гастроэнтерологқа қаралады. Осылайша олар уақыттарын жоғалтып алады.

Созылмалы бүйрек ауруына көптеген себептер алып келеді. Мысалы, Қан қысымының жоғарылауы, қант диабеті, гломерулярлы және ревматологиялық аурулар, тұқым қуалайтын аурулар бүйрек жетіспеушілігіне алып келеді.

Бүйрек функциясының төмендеуіне ең жиі алып келетін ауруларға қант диабеті және артериальдық гипертензия жатады.

Бүйректің негізгі аурулары белгілі, бірақ емдеу жолдарында талқылауды қажет ететін мәселелер бар, - деп бөлісті дәрігер нефролог Шолпан Асқарқызы.

Қазіргі таңда соңғы статистика бойынша бүйрек трансплантациясына 3500 ( 3 мың 5 жүз) мұқтаж адам бар. Жылына 200-дей адамда трансплантация болады. Бүйрек ауруынан жылына 300-ден жоғары адам қаза табады.

Абылайхан Сапарымбетов, ҮҒОО реципиенті:

- 7 айдай жүрдім осы бүйрек ауырып. Диализде жүрдім. Осы айдың басында осы больницаға келдім трансплантацияға. Бауырым өз бүйрегін беруге рұқсатын берді. Қазір Құдайға шүкір бүйрек ауыстырылды. Жағдайым жақсы.

Сюжетке сілтеме: https://24.kz/.../644339-b-gin-khaly-araly-nefrolog-d...

Возможно, это изображение 2 человека, отдел новостей, больница и текст

Возможно, это изображение 2 человека и больница