Шымкент қалалық №1 клиникалық аурухана – мегаполистегі ірі көпбейінді аурухана. Мұнда жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету сапасы уақыт талабына сай дамып келеді.
Оған қоса бұрын осында қызмет атқарған білікті мамандар қайта оралып, қатарды толықтырды. Атап айтқанда Сәбитхан Байтеміров, Дәурен Қабылов, Тайбек Садықов, Алибеков Батырбек сынды білікті хирургтар бүгінде қалалық №1 клиникалық ауруханада еңбек етіп, жоғары мамандандырылған оталарды жасауда біліктіліктерін көрсетуде.
Ауруханада бауыр мен бүйрекке қатарынан екі трансплантация жасалды және құрсақ қолқасының аневризмасын эндопротездеу операциясы сәтті өткізіліп, ауыр дертке шалдыққан науқастар емделді.
Биылғы 31 қаңтар күні аурухана дәрігерлері бауыр трансплантациясын жасады. Ағзасын алмастырған науқас бір жылдан бері ауырады, сырқаттың басталуы ісік-асцит синдромынан басталған, екі рет өңештің венасынан қан кеткен. Бауыры жарамай, денсаулығына қауіп төнген науқасқа дәрігерлер баласының бауырын салып берді.
Сондай-ақ, 8 ақпан күні аурухана базасында бүйрек трансплатациясы жасалды. Ағза алмастыру отасынан кейінгі рецепиент пен донордың жағдайы жақсы.
Тағы айта кетерлігі, №1 клиникалық аурухана дәрігерлері алғаш рет қан тамырлар хирургиясы бойынша тың әдіспен ота жасап, денсаулығына қауіп төнген науқастың өмірін алып қалды. Құрсақ аневризмасының жарылуы анықталып, науқасқа жедел көмек көрсетілді, күрделі операция сәтті жасалды.
Ұлттық ғылыми онкология орталығының атына дәрігерлерге алғыс сөздер үнемі келіп тұрады.
Бүгін біз сізді Көпбейінді хирургия секторының дәрігер онкологы, хирург Дигай Александр Константиновичке және бөлімшенің мейіргерлеріне ризашылық білдірген науқастың хатымен таныстырғымыз келеді.
Ересек пациенттерді «Кардио Check-up» кешенді тексеруге шақырамыз:
кардиолог дәрігердің алғашқы қабылдауы
қанның жалпы талдауы
несепті жалпы клиникалық зерттеу анализаторда (несептің жалпы талдауы)
глюкозаны анализаторда анықтау
креатининді анализаторда анықтау
несепнәрді анализаторында анықтау экспресс-талдау
қан сарысуындағы жалпы холестеринді анализаторда анықтау
қан сарысуындағы төмен тығыздықтағы липопротеидтерді анализаторда анықтау
қан сарысуындағы жоғары тығыздықтағы липопротеидтерді анализаторда анықтау
қан сарысуындағы триглицеридтерді анализаторда анықтау
қан плазмасындағы белсендірілген ішінара тромбопластиндік уақытты (БІТУ) анализаторда анықтау
ПТИ және халықаралық нормаланған қатынасты кейінгі есептеумен протромбин уақытын анықтау
қан плазмасындағы тромбин уақытын (ТУ) анализаторда анықтау
қан плазмасындағы фибриногенді анализаторда анықтау
ЭКГ (12 бөлікте)
ЭХО кардиография
электрокардиограмманы Холтерлік мониторлау (24 сағат)
артериялық қысымды тәуліктік мониторлау (24 сағат)
бүйрек тамырларын УДДГ
бүйректі УДЗ
брахиоцефалдық діңді УДДГ (экстракраниалдық бассейн артериялары)
кардиолог дәрігердің қайта қабылдауы.
Дәрігердің консультациясына жазылу Сall-орталықтың бірыңғай телефон нөмірі бойынша жұмыс күндері: сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі, сенбі/жексенбі-демалыс.
Call-center: 8 (7172) 702-911, 702-900,
WhatsApp: 8 708 425 07 11.
Ақпан айының 8-9 күндері Ұлттық ғылыми онкология орталығы мамандарының қатысуымен Атырау облыстық онкология диспансерінде бірлескен ота өтті.
Бауыр арқылы холангиостомия, яғни түтік салу отасын интервенциялық рентгенхирург Әсет Кенжин және гепатопанкреатобилиарлы хирург Шоқан Айтбаев жүргізді.
Олар ота кезінде замануи ота әдістері туралы әңгімелеп, диспансер дәрігерлеріне шеберлік сағаттарын өткізді.
Сондай-ақ жоспарланған оталардан кейін, республикалық орталық мамандары дәріс оқып, жергілікті дәрігерлермен тәжірибелерімен бөлісті.
Дәріс сабақта онкологиядағы заманауи үрдіс және жетілдірілген емдеу тәсілдері туралы айтылды.
#ҰҒОО #ННОЦ #NROC #онкология #хирургия #операция #мастеркласс #циклобучающий
Жатыр мойны обыры не себепті пайда болады? Вакцина не үшін салынады? Аурудың алдын алуға оның қауқары жете ме?
Осы және өзге де сұрақтарға Ұлттық ғылыми онкология орталығының аға ординаторы, медицина ғылымдарының кандидаты, онкогинеколог-дәрігер Аида Шакирова жауап берді.
Жатыр мойны обырының белгілері қандай?
- Бұл дерттің қауіптілігі сол – алғашқы кезде оның ешқандай белгілері жоқ, симптомсыз басталады.
Аурудың бастапқы сатыларында онкопроцесті анықтау тек кеңейтілген гинекологиялық тексеріс кезінде, яғни онкоцитологияға жұғынды алып тексеру мен жатырды микроскоппен қарау – кеңейтілген кольпоскопия кезінде ғана мүмкін болады. Ісік шырышты жоғарғы қабық арқылы өскен кезде әйел қанды бөліністерді, етеккірдің ұзақ және көп келуін, жыныстық қатынастан кейін қанды бөліністерді байқауы мүмкін. Ісік процесінің таралуына қарай салмақ жоғалту, жылдам шаршап қалу, кіші дәретке жиі бару, дене температурасының 37-37,5 С-ты құрауы, аяқтың ісінуі, іштің төменгі жағының ауырсынуы сынды белгілер кездеседі.
Ауруды көп жағдайда скрининг барысында анықтап жатамыз. Елімізде жатыр мойны обырын анықтауға скрининг 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйел адамдар арасында әр төрт жыл сайын жүргізіледі.
- Елімізде 11 жастан бастап қыз балаларды 2024 жылдың үшінші тоқсанынан вакцинациялау басталады.
Биыл да вакцинация жүргізу ерікті болып қалады және тек қыз балалардың ата-анасының келісімімен ғана салынады.
Толығырақ сұхбатты сілтеме бойынша оқыңыз:
https://baq.kz/onkoginekolog-zhatyrdyn-qaterli-isigi.../
Скрининг-бұл аурудың белгілері әлі болмаған кезде ісікті ерте сатысында анықтау мақсатында жүргізілетін профилактикалық медициналық қарап-тексеруді және қосымша тексеру әдістерін қамтитын іс-шаралар кешені.
Ерте сатысында анықталған ісік толық емделуі мүмкін.
Кейінгі кезеңдерде аурудың белгілері болған кезде және ісіктің таралу мүмкіндігі болған кезде ауруды емдеу күрделене түседі. Сондықтан ісікті ерте сатыларда, оның таралуына дейін анықтау және емдеу қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітімді төмендетудің ең тиімді жолы болып табылады.
Көбінесе ісік әрдайым ерте кезеңдерде анықталмайды, өйткені аурудың ерте ағымы симптомсыз болады, науқас өзінің әл-ауқатында өзгерістерді сезбейді және тексеру үшін дәрігерлерге бармайды.
Скринингтен өту қатерлі ісікке күдік бар дегенді білдірмейді. Бұл мүмкін болатын ісіктерді уақтылы анықтау үшін сау тұрғындар арасында профилактикалық мақсатта жүргізіледі.
Қазақстанда онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі Ұлттық бағдарлама бар, оның шеңберінде 3 бағыт бойынша халыққа скринингтік тексерулер жүзеге асырылады:
Сүт безі қатерлі ісігі - 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер.
Жатыр мойыны обыры - 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер.
Колоректальды скрининг - 50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер.
Скринингтен ТМККК/МӘМС шеңберінде тіркелу орны бойынша емханадан тегін өтуге болады.
Сонымен қатар, скринингтен өту үшін жұмысшылардың әлеуметтік демалыс алу құқығы заңнамалық деңгейде бекітілген, оған жалақы мен жұмыс орнын сақтай отырып, үш жұмыс күні беріледі.
ҰҒОО хирург-дәрігері, жоғары санаттағы отоларинголог, профессор Болат Шалабаев:
- Жуырда жаңа бір бағытты дамытуды бастадық. Есту жолдарындағы терінің обырлық зақымдалуына шалдыққан науқастар санаты бар. Ол ортаңғы құлаққа таралады. Бүкіл посткеңестік кеңістікте құлақ ісіктерімен айналысатын бір ғана онкологиялық бөлімше бар. Оның өзі Ресейде орналасқан.
Онкодиспансерде бұл ағзаға операция жасай алатын лор-дәрігерлер жоқтың қасы. Біздің құлақ хирургиясын жақсы меңгерген оториноларинголог-дәрігеріміз Ұлбала Әділханованың арқасында біз өзіміздің бөлімшеміздің аясында осы бағытты дамытуды бастадық. Әдетте мұндай онкоаурулармен зардап шегетін науқастар сәулелік терапияға, химиотерапияға жіберіледі. Алайда бұл көбінесе қайғылы аяқталады. Мысалы, бір есту жолдарының бас жағындағы бөлімдерінің терісі зақымдалған бір пациентіміз болды. Ісік әрі қарай тереңге еніп, ортаңғы құлаққа дейін жеткен. Біз мультидисциплинарлық тәсілді қолдандық.
Бірінші кезеңде Ұлбала Әділханова операцияның барынша күрделі сүйек бөлігін орындады, яғни ортаңғы құлаққа өтіп, оның әрі қарай таралуының алдын алу үшін ісікті алып тастады. Одан кейін біз – онкологтар оның сыртқы бөлігіне өтіп, барлық қоршап жатқан тіндерді алдық. Бақытымызға орай, бет нервтерінің функциясын сақтауға мүмкіндік болды. Есту қабілеті де сақталды.
Операцияның соңғы кезеңінде реконструкциялық жұмысты орындау үшін пластикалық хирургты қостық. Осылайша, пациентіміз толыққанды өмір сүруге мүмкіндікке қол жеткізді. Операцияға дейні ол есту жолдарының қатты ауырсынуынан зардап шеккен екен. Пациентке оған дейін сәулелік терапия да жасалған, алайда ол еш көмегін бермеген. Себебі ісік өте тереңде орналасқан. Бұл мысал түбегейлі хирургиялық ем оған ісіктен құтылуға көмектескенінің айқын дәлелі. Жалпы, біздің мамандарымыз Қазақстан үшін бірегей әдісті меңгеріп келеді деп айта аламын.
Толығырақ сұхбатты сілтеме бойынша оқыңыздар:
https://baq.kz/onkolog-tisti-uaqytynda-emdetpeu-qaterli.../
СӘУЛЕ ҚОЛДЫБАЕВА, дәрігер онколог, хирург, Көпбейінді ақылы бөлімше меңгерушісі:
- Ұлттық ғылыми онкология орталығының көпбейінді ақылы бөлімшесінде диагностикалық және зертханалық қызметтердің барлық түрлері жүргізіледі.
Біздің дәрігерлер онкологиялық аурулардың барлық түрлерін анықтап, емдеумен, кейіннен пәнаралық топты жүргізумен айналысады.
Онкологиялық ауруларды емдеу халықаралық емдеу хаттамаларына сәйкес жүргізіледі. Пациенттерді шұғыл емдеуге жоғары білікті онколог-хирургтар қатысады.
Бөлімшеде болған барлық кезең ішінде пациентке және олардың туыстарына кәсіби психологиялық көмек алу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, пациенттерді туыстары және жақындарымен ауруханаға жатқызу мүмкіндігі бар (пациентке күтім жасайтын адам ретінде 1 адам).
Емдеуге жатқызу бойынша толық ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады:
+7 708 425 0647, және медициналық құжаттарыңызды мынв электронды поштаға жіберіңіз: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Біздің мекен-жайымыз: Астана қаласы, Керей және Жәнібек хандар көшесі, 3.
Дәл қазір, бүгін 10:15-те "QAZAQ RADIOSY" "Мың алғыс" бағдарламасы студиясының қонағы – Ұлттық ғылыми онкология орталығы Ағза трансплантаттау және онкоурология секторының жетекшісі, трансплантолог-дәрігер Мэлс Нұрсейітұлы Асықбаев.
//youtube.com/@user-nl7oo2wm7t?si=ghpXv2jYXtOh_ZON">https://youtube.com/@user-nl7oo2wm7t?si=ghpXv2jYXtOh_ZON>
Ойық жаралы колит – иммундық жүйе бұзылуына байланысты тоқ ішектің шырышты қабаты қабынған сирек ауру. Көбінесе ол 25-35 жастағы адамдарда анықталады.
КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ:
іш өту;
нəжістегі қан, шырыш;
дефекацияға жиі жалған шақырулар;
температураның мерзімді көтерілуі;
іштің кебуі, метеоризм;
нашар тəбет жəне салмақ жоғалту;
əлсіздік, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі.
ДИАГНОСТИКА
Сіздің ауруыңыз ойық жаралы колиттің белгісі екенін білу үшін гастроэнтерологпен немесе проктологпен кеңесіңіз. Дəрігер кеңес өткізеді, өтуге зерттеу жəне мына талдауларды тапсыруды ұсынады: қан, нəжіс талдауы; ішектің жəне іш қуысының басқа мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі; биопсиямен колоноскопия.
ЕМДЕУ БІЗДІҢ ОРТАЛЫҚТЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Біздің орталықтың мүмкіндіктері Ұлттық ғылыми онкология орталығы базасында клиникалық-диагностикалық орталық өз қызметін жүзеге асырады. Мұнда Сіз толық тексеруден өтіп, ден саулығыңыз т уралы толық ақ парат, денсаулықты сақтау бойынша ұсыныстар ала аласыз.
Қажет болған жағдайда Сізге профилактикалық, сауықтыру, емдеу немесе мамандандырылған жоғары технологиялық медициналық көмекті қоса алғанда, басқа да іс-шаралар жəне стационарлық, сондай-ақ амбулаториялық емдеу тағайындалады.
Тексеруге жазылу Call-орталыққа қоңырау шалу арқылы жүзеге асырылады: 8 (7172) 702 900, 702 911.
WhatsApp: 8708 425 07 11.
Біздің мекен-жайымыз: Астана қаласы, Керей және Жәнібек хандар көшесі, 3.