Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Бүгін халықаралық нефролог дәрігерлер күні екен.

«Қазір бүйрек ауру өршіп, оның алдын алу қиындап барады» - дейді. Бұған не айтасыз?

Қазір ең маңыздысы - бүйрек трансплантациясы. Бұл науқасқа екінші өмір сыйлағанымен, елде донор тапшылығы қолбайлау болып тұр деген мәлімет бар. Жылдан жылға бұл патология көбейіп келе жатыр.

Емханаларда нефролог дәрігерлер аз дейді, Маман тапшылығын қалай шешеміз? Бүйрек ауруы қай жастағылар арасында көп.

Статистика не дейді? Қазір елде қанша трансплантация жасалады. Кезекте қанша адам тұр? Өлім-жітім көрсеткіші туралы

Толығырақ сілтеме бойынша: https://24.kz/.../644341-s-khbat-mels-asy-baev-elde-donor...

Құрметті достар!

Ұлттық ғылыми онкология орталығы сіздерді 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні Наурыз  мерекесімен баршаңызды құттықтайды!

Наурыз - бұл ежелгі дәстүр бойынша Жаңа жылдың басталуы ғана емес, бұл сонымен бірге таңғажайып көктем мерекесі, табиғаттың қайта түлеп, қайта жаңғыруы.

Осы бір табиғат ана көгілдір көктемнің жып-жылы шапағатымен жайнап тұрған сәтте сізде зор қуаныштарға бөленгейсіз!

Жаныңыз күн нұрындай жарқырап, ал көңіліңіз мейірімділік пен махаббат сезімдеріне тола берсін!

Жаңа Жыл отбасымызға жақсылық, дастарханымызға құт-береке алып келсін!

Наурыз әр отбасында келісімнің, сыйластықтың, құрметпен сүйіспеншіліктің дәнекері болсын! 

Біз сіздерге тыныштық және бақыт, жұмыстарыңызға табыстар тілейміз!

Ұлттық ғылыми онкология орталығы Ортопедия және остеоонкология орталығының меңгерушісі Дан Болатұлы Дадыгеровтің атына науқастардығың жолдаған алғыс сөз хатымен таныстырамыз. #ҰҒОО #ННОЦ #NROC #дәрігерлергерахмет #орталық #ортопедия #остеоонкология

 

Возможно, это изображение текст

Возможно, это изображение текст «вы лучшие!!! благодаря таким специалистам освоение высоких новейших технологий благотворно влияет на сохранение здоровья нации! удачи и успехов вам и вашей команде»

Адам папилломасы вирусы (АПВ) бұл жыныс жолдарының ең көп таралған вирустық инфекциясы.

Көптеген жыныстық белсенді әйелдер мен ер адамдар өмірінің белгілі бір кезеңінде инфекцияны алады, ал кейбіреулері қайта жұқтырылуы мүмкін.

🔸️Әйелдер үшін де, ерлер үшін де жұқтырудың ең жоғары кезеңі олар жыныстық белсенді болғаннан кейін басталады. АПВ жыныстық жолмен беріледі, бірақ вирустың таралуы үшін өтімді жыныстық қатынас қажет емес. Денелі генитальды байланыс бұл инфекция берілуінің жақсы анықталған жолы.

🔸️АПВ-ның көптеген түрлері проблемалар тудырмайды. АПВ-инфекциясы, әдетте, инфекциядан бірнеше ай өткен соң, ешқандай араласусыз өздігінен өтеді және шамамен 90%-ы 2 жыл ішінде өтеді. АПВ-ның белгілі бір түрлерінен туындаған инфекциялардың аз бөлігі жалғасуы мүмкін және жатыр мойыны обырының дамуына әкелуі мүмкін.

🔸️ Бүгінгі таңда жатыр мойыны обыры АПВ-мен байланысты ең көп таралған ауру. Жатыр мойыны обырының барлық дерлік жағдайлары АПВ-инфекцияларына байланысты болуы мүмкін.

АПВ ұзақ сақталу мен жатыр мойыны обырының даму қаупі факторлары:

🔹️ АПВ типі – оның канцерогенділігі немесе қатерлі ісік тудыру қабілеті;

🔹️иммундық статус – иммундық жүйесі әлсіреген адамдарда, мысалы, АИТВ жұқтырған адамдарда, обыр алдына және обырға тез дамитын тұрақты АПВ-инфекциясы болуы мүмкін;

🔹️ қарапайым герпес, хламидиоз және гонорея қоздырғыштары сияқты жыныстық жолмен берілетін басқа қоздырғыштармен коинфекцияға;

🔹️бала туу саны (туған балалар саны) және ерте алғашқы босану;

🔹️темекі тұтыну.

🎯 Белгілері:

Онкогенді АПВ типтерін жұқтыру ағазада симптомсыз өтеді.

Оларды тек скрининг – АПВ-ның арнайы тесті арқылы анықтауға болады.

Қатерлі ісік тудырмайтын АПВ типтері (әсіресе 6 және 11 типтері) мыналардың дамуына әкелуі мүмкін:

▪️ сүйелдердің;

▪️ үшкір кандиломалардың;

▪️респираторлық папилломатоздың.

♻️️ Папиллома вирусының (АПВ) алдын-алу:

- АВП-инфекциялар әдетте ешбір емдеусіз өзінен-өзі кетеді

- өзін-өзі сауығу кезеңі – бірнеше айдан екі жылға дейін.

Қазақстанда жатыр мойыны обырын ерте анықтау үшін 30 жастан асқан әйелдер үшін 4 жылда бір рет тегін скрининг (ПАП-тест) қарастырылған.

Вакцинаның үш нұсқасы бар:

 еківалентті (АПВ-ның 2 типінен);

 төртвалентті (4-тен);

 тоғызвалентті (9-дан).

Қазақстанда вакциналардың барлық 3 нұсқасы тіркелген, бірақ әзірге бұл вакциналар тек ақылы түрде ғана қолжетімді.

Елдің әр түкпірінен келген үш пациентке бір ағза донорының екі бүйрегі мен жүрегі трансплантатталды.

Мереке алдындағы күні Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен Астана қаласының Кардиохирургиялық орталығының трансплантологтары, кардиохирургтары, анестезиологтары мен мейіргерлері құрамындағы жоғары білікті дәрігерлер тобы санавиация бортында Павлодар облысына келді.

Сонымен қатар, Астана қаласында күту парағында тұрған бағдарламамен іріктелген реципиенттер қосымша талдаулар тапсыру үшін шақырылды.

Медициналық зерттеп-қараудан өту нәтижесі бойынша және комиссияның шешімі бойынша 26 жастағы реципиент анықталды. Ол бүйректің V терминалды сатысы диагнозымен 6 жыл бойы гемодиализде болған.

Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығында дәрігерлер ересек пациентке кадаверлік бүйректі трансплантаттауды сәтті жүргізді.

Реципиент палатаға ауыстырылды,бүгінгі күні оның жағдайы жақсы. Бүйрек толық жұмыс істеп тұр.

Екінші бүйрек балаға Астанадағы Ана мен бала орталығында трансплантатталды.

Үшінші ағза - жүректі трансплантаттау Кардиохирургиялық орталықта жүргізілді.

Қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаларды трансплантациялау орындалды: бір донордан - үш реципиентке орган алмастырылды!

Бұл оқиға Қазақстанда болды. Біздің орталықта кадаверлік трансплантация (қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтан органды трансплантациялау) жыл басынан бері 5-ші рет жүргізілген.

6 наурызда Павлодар облысының Кардиохирургиялық орталығында пациенттің бас-ми өлімі тіркелгені туралы ақпарат келіп түсті. ТЖТМҚҮРО-ның Өңірлік үйлестірушісі пациенттің туыстарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде органдарды алып транспланттауға келісімдері берілді.

Сол күні кешке Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен Кардиохирургия орталығының трансплантологтары, кардиохирургтары, анестезиологтары мен медбикелері құрамындағы жоғары білікті дәрігерлер тобы Санавиация жолымен Павлодар облысына ұшты.

Белгі орынға жеткеннен соң, операцияларға толық дайындалғаннан кейін мәйіттік донордан жүрек және екі бүйрек органдары алынды.

Одан басқа, алынған органдар (жүрек пен екі бүйрек) Кардиохирургиялық орталыққа, Ана мен бала орталығына және Ұлттық ғылыми онкология орталығына бағытталуға тиіс болатын, өйткені бұл медұйымдарда пациенттерге қажетті органдарды көптен күткен транспланттау жүргізіледі.

Сонымен қатар, Астана қаласында күту парағында тұрған реципиенттер бағдарлама арқылы іріктеліп, қосымша талдаулар тапсыру үшін шақырылды. Медициналық тексеруден өту нәтижесі және комиссияның шешімі бойынша 26 жастағы реципиент сәйкес келді.

Ол 6 жыл бойына гемодиализде жүрген, бүйректің V терминалды сатысы диагнозы қойылған.

Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында, яғни 7 наурыз күні ҰҒОО-ның трансплантологтары кадаверлік бүйрек трансплантациясын сәтті аяқтады.

Реципиент палатаға ауыстырылды, бүгінгі күні оның жағдайы жақсы. Бүйрек толықтай қызмет істеп тұр.

Возможно, это изображение 2 человека и больница

Құрметті әйелдер қауымы, бүгін сіздердің күндеріңіз — көктем, сұлулық пен нәзіктік күні.

Сіз біздің өміріміздің нағыз кейіпкерлерісіз.

Ұлттық ғылыми онкология орталығы сіздерді 8- наурыз мерекесімен құттықтайды және сіздерге жақсылық тілейді.

Біз сіздерді өмірдің барлық қиындықтарын жеңуге көмектесетін даналығыңыз, мейірімділік пен шыдамдылығыңыз үшін бағалаймыз.

Әйелдер, сіздер біздің әлем үшін жасаған барлық істеріңізді ең жоғары мақтауға және ризашылыққа лайықсыз.

Бұл күні біз сіздерге бақыт, денсаулық және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз. Сіздердің өміріңізде жарқын сәттер, жаңа ашылулар мен тың дүниелер көбірек болсын. Сіздерді әрқашан жақын адамдарыңыздың сүйіспеншілігі мен қамқорлығы қоршасын, ал сіздің өміріңіз мағыналы әрі қуанышқа толы болсын деп тілейміз.

Халықаралық әйелдер күні құтты болсын! 

29 ақпанда Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықта Мейіргер ісін басқару және дамыту бөлімінің қолдауымен мейірбикелерге операциядан кейінгі ауырсынуды басқару бойынша оқыту семинары өтті. Семинар-тренингті PhD, Назарбаев Университеті Медицина Мектебінің ассистент профессоры, Қазақстандық дәлелдемелерге негізделген мейіргер ісі орталығы: JBI аффилиирленген тобының дәлелдемелерді енгізу бойынша со-директоры Паоло Колет өткізді. Бұл семинар-тренинг ҰҒОО орталығының Назарбаев Университетінің Медицина Мектебімен және Қарағанды медициналық университетімен бірлескен зерттеуі аясында өткізілді: «Қазақстандағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың мультидисциплинарлық хирургиялық бөлімшесінде ересек пациенттерде операциядан кейінгі ауырсынуды басқаруды енгізу: озық тәжірибені енгізу жобасы». Осы зерттеу аясында Ұлттық ғылыми орталықтың мейірбикелері операциядан кейінгі ауырсынуды емдеу жағдайын, сондай-ақ мейірбикелердің білімі мен дағдыларын бағалады. Семинарда мейірбикелердің операциядан кейін ауырсынуды басудың фармакологиялық және фармакологиялық емес әдістерін қолдану мәселелері талқыланды.

 

фото 1

фото 2

фото 3

Құрметті қазақстандықтар!

Ұлттық ғылыми онкология орталығы сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтайды!

Баршаңызға мықты денсаулық, амандық, мол қуаныш пен күлкі, сондай-ақ махаббат пен бақыт тілейміз. Күндеріңіз ашық, әдемі, жемісті және жағымды әсерге бай болсын.

Бізбен бірге болғандарыңыз үшін ризашылығысызды білдіреміз! Және "біздің дәрігерлерімізге мың алғыс" айтамыз!

Бүгін, Астана қаласында Қазмедиаорталығының концерт залында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Қазақ радиосы дәстүрлі «Мың алғыс» шарасын өткізді.

«Мың алғыс» жобасы биыл жетінші рет ұйымдастырылып отыр.

Шара барысында елімізде мәйіттік трансплантацияны дамыту бойынша Орталығымыздың трансплантологтары біліктілігінің арқасында бірнеше ағза алмастыру операциясының сәтті өтіп, мұқтаж жандарға "екінші өмір" сыйлап жатқандығы туралы айтылып және реципиент Ермек Қалықбаевтың жүрекжарды алғысы бейнесюжет арқылы көрсетілді.

Сахнада салтанатты түрде Ұлттық ғылыми онкология орталығының трансплантолог-дәрігері Мэлс Асықбаевқа марапат тапсырылды.

- Қазір елімізде 4 мыңға жуық науқас донор кезегінде тұрғанын айтады. Олардың 90 пайыздан астамы бүйрекке мұқтаж. «Бұл көрсеткіш төмендеуі үшін мәйіттік трансплантацияға деген көзқарас оң болуы тиіс. Ми өлімі тіркелгеннен соң марқұмның донор болуға қолхаты болған жағдайда туыстарының рұқсатымен ағзасы өзге адамға салынады», - дейді трансплантолог.

🔹 Дәстүрлі жобаның мақсаты – мұқтаж жандарға көпшіліктің атсалысуымен көмек көрсетіп, қайырымдылық пен ізгілікті насихаттау, қайырымды жандарға алғыс айту.

📺 Мерекелік шараның телевизиялық нұсқасы «Qazaqstan» телеарнасынан 1 наурыз күні сағат 15:15-те көрсетіледі.

➡️ Толығырақ: https://qazaqstan.tv/news/189895/

#ҰҒОО #Мыңалғыс2024

Возможно, это изображение один или несколько человек, костюм и отдел новостей

Нет описания фото.

Возможно, это изображение 2 человека, эустома и текст

3 бет. Барлығы: 52