29 ақпанда Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықта Мейіргер ісін басқару және дамыту бөлімінің қолдауымен мейірбикелерге операциядан кейінгі ауырсынуды басқару бойынша оқыту семинары өтті. Семинар-тренингті PhD, Назарбаев Университеті Медицина Мектебінің ассистент профессоры, Қазақстандық дәлелдемелерге негізделген мейіргер ісі орталығы: JBI аффилиирленген тобының дәлелдемелерді енгізу бойынша со-директоры Паоло Колет өткізді. Бұл семинар-тренинг ҰҒОО орталығының Назарбаев Университетінің Медицина Мектебімен және Қарағанды медициналық университетімен бірлескен зерттеуі аясында өткізілді: «Қазақстандағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың мультидисциплинарлық хирургиялық бөлімшесінде ересек пациенттерде операциядан кейінгі ауырсынуды басқаруды енгізу: озық тәжірибені енгізу жобасы». Осы зерттеу аясында Ұлттық ғылыми орталықтың мейірбикелері операциядан кейінгі ауырсынуды емдеу жағдайын, сондай-ақ мейірбикелердің білімі мен дағдыларын бағалады. Семинарда мейірбикелердің операциядан кейін ауырсынуды басудың фармакологиялық және фармакологиялық емес әдістерін қолдану мәселелері талқыланды.