Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Жатыр мойны обыры не себепті пайда болады? Вакцина не үшін салынады? Аурудың алдын алуға оның қауқары жете ме?

Осы және өзге де сұрақтарға Ұлттық ғылыми онкология орталығының аға ординаторы, медицина ғылымдарының кандидаты, онкогинеколог-дәрігер Аида Шакирова жауап берді.

Жатыр мойны обырының белгілері қандай?

- Бұл дерттің қауіптілігі сол – алғашқы кезде оның ешқандай белгілері жоқ, симптомсыз басталады.

Аурудың бастапқы сатыларында онкопроцесті анықтау тек кеңейтілген гинекологиялық тексеріс кезінде, яғни онкоцитологияға жұғынды алып тексеру мен жатырды микроскоппен қарау – кеңейтілген кольпоскопия кезінде ғана мүмкін болады. Ісік шырышты жоғарғы қабық арқылы өскен кезде әйел қанды бөліністерді, етеккірдің ұзақ және көп келуін, жыныстық қатынастан кейін қанды бөліністерді байқауы мүмкін. Ісік процесінің таралуына қарай салмақ жоғалту, жылдам шаршап қалу, кіші дәретке жиі бару, дене температурасының 37-37,5 С-ты құрауы, аяқтың ісінуі, іштің төменгі жағының ауырсынуы сынды белгілер кездеседі.

Ауруды көп жағдайда скрининг барысында анықтап жатамыз. Елімізде жатыр мойны обырын анықтауға скрининг 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйел адамдар арасында әр төрт жыл сайын жүргізіледі.

- Елімізде 11 жастан бастап қыз балаларды 2024 жылдың үшінші тоқсанынан вакцинациялау басталады.

Биыл да вакцинация жүргізу ерікті болып қалады және тек қыз балалардың ата-анасының келісімімен ғана салынады.

Толығырақ сұхбатты сілтеме бойынша оқыңыз:

https://baq.kz/onkoginekolog-zhatyrdyn-qaterli-isigi.../

 

Возможно, это изображение 1 человек и больница