Астанада өткен жылы қатерлі ісік ауруымен ауырған науқастар саны 2022 жылмен салыстырғанда 1700 адамға көбейген. 15 мыңға жуық науқас онкологиялық дерттен емделген.
Қатерлі ісіктің ең қауіптісі - ішек пен асқазан қатерлі ісіктері. 800 адам тексеруден өтсе, соның жартысынан осы дерт анықталған.
Гүлжан КЕРІМБЕКОВА, ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ КЛИНИКО-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
- Оларда ешқандай клиникалық симптомдар, яғни, ауру сезімі ешқандай болмайды. Бұл осысымен қауіпті. Соңғы сатыларында, яғни, 3-4 сатыларында Бұл ауруды емдеп, жазу өте қиынға соғады. Тіпті, көп жағдайда емнің тиімділігі болмайды. Көп жағдайда адамдар қайтыс болып жатады.
Толығырақ сюжетті сілтеме арқылы көріңіздер: