Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Жақында бүйрек трансплантациясын жасатқан қала тұрғыны Бекболат Шерниязовпен ерлікке татитын іске бел буған донорлардың қоғамдағы орны туралы орамды ой қозғаған еді.

- 2020 жылдан бері гемо­диализ ала бастадым. Уақыт өте аптасына үш мәрте қабылдап жүрдім. Әр барғанда төрт сағат жатамыз. Бірақ гемодиализден бірде өзімді жақсы, кейде өте нашар сезініп шығатынмын.

 

Мэлс Асықбаев есімді тәжіри­белі транспалантолог дәрігер­мен жо­­лықтым. Трансплантология, до­­норлық туралы ақпарат сұрай бас­­тадым. Олар транспланта­ция мәйіттік донор немесе туыс­тық донордың көмегімен жасалатынын айтты. Мәйіттік до­норға «күту парағына» кезекке тұрдым. Емделіп жүргенде көптеген адаммен таныстым. Гемодиализге 15, 17 жыл қаты­на­ғандар бар екен. Елде мәйіт­тік донор аз екенін сол сәтте түсіндім, – дейді Бекболат.

Донор болу – әри­­не, оңай дүние емес. Бұл ер­­лікпен парапар іс дер едім. Ұлт­­тық онкология орталығының транс­­плантологі Мэлс Асықбаев бас­­таған дәрігерлер қауымына алғысым шексіз.

Бізге трансплантациядан қорқып, сары уайым­­ға салынудың қажеті жоғын ба­йыппен түсіндірді. Күн-түн демей пациенттердің жағдайын бақылап жүретін. Жаңылма­сам, операция 5 сағатқа созылса керек, одан кейін де біраз уақыт ауруханада жаттық. Қазір үйге шығып, дәрі-дәрмектерімізді үзбей уақтылы ішіп жүрміз. Бұйырса, жағдайымыз әбден жақ­­­сарып жатса, донорлық тура­лы ақ­параттандыру жұмыста­ры­на да белсенді аралассақ деген ойымыз бар. Өйткені мен секілді бүйрегі ауырып, гемодиа­лизге таңылғандардың ахуалын жақсы түсінемін. Елде мәйіттік донор дамығанда жағдайы мүшкіл нау­қастар азаяр ма еді деп ойлаймын, – дейді Б.Шерниязов.

▶️ Толығырақ материалды сілтеме арқылы оқыңыздар:

https://egemen.kz/.../355595-transplantatsiya-komegimen...