Жаңа жыл басталғалы бері отандық трансплантологтар 9 қазақстандықтың өмірін сақтап қалды,-деп хабарлайды @24KZ
Мэлс Асықбаев, ҰҒОО Ағза транспланттау секторының жетекшісі, дәрігер онколог, уролог, хирург, трансплантолог:
- Елімізде көбіне жасалатыны - туыстық донор трансплантациясы. Өкінішке орай, мәйіттік донор (кадавр) трансплантациясы қарқынды түрде дамымай тұр. Яғни, бұл трансплантация түрін дамытудың тиімділігі неде, мысалы, 1 мәйіттік донор 5 адамның өмірін сақтауға мүмкіндік бар.
Жаңа жылға тұспа тұс келді, мәйіттік донордан бүйрек алмастырылды.
Арнайы "Тrinis" бағдарламасы бойынша 4 пациент арасынан тін жағынан сәйкес келген Айжан Құдароваға бүйрек трансплантациясы жасалды. Ота сәтті өтті, қазіргі таңда реципиенттің жағдайы жақсы.
Толығырақ сюжетті сілтеме арқылы көріңіздер:
https://youtu.be/nuHJ_Zlztq4?si=F_DPAC6gQuNF46wr
ҰҒОО #ННОЦ #NROC #медицина #қоғам #трансплантация #бүйрек #донор #реципиент