2023 жылғы 24 маусымда сенбі күні сағат 09:00 - ден 13:00-ге дейін Астана қаласында Ұлттық ғылыми онкология орталығының Клиникалық-
диагностикалық орталығында ісік алды ауруларды, бүйрек және зәр шығару жолдарының қатерлі ісігін ерте анықтауға арналған Ашық есік күні өтеді.
Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын біздің Орталықтың жетекші дәрігер - онкоурологтары қабылдайды:
- Құрманов Талғат Аманжолұлы, м.ғ. к., магистр, PhD, дәрігер уролог, онкоуролог, хирург, онкоурология секторының аға ординаторы;
- Мұғалбеков Шалқарбек Бәкірұлы, жоғары біліктілік санатты дәрігер, онкоуролог, хирург;
- Мұстафинов Дәурен Дулатұлы, онкоуролог дәрігер, медицина магистрі;
- Көбеев Жанқуат Тұрсынұлы, уролог-андролог дәрігер, онкоуролог.
Сондай-ақ, онкологиялық қатерлі ісік (бүйрек обыры, қуықасты безі және қуық, аталық без обыры) белгілерін ерте анықтау бойынша кеңес беріледі.
Консультацияға 18 жастан асқан ҚР азаматтары шақырылады.
ЕГЕР СІЗДЕ :
- бүйрек ауруы, зәрдегі қан қоспасы, түсініксіз этиология анемиясы, зәр шығару проблемалары (ауырсыну, ыңғайсыздық және т. б.);
- аталық без немесе ұрық безі аймағында ауырсыну немесе ыңғайсыздық (ісіну, ісік және ауырлық сезімі, іштің және арқаның төменгі бөлігіндегі ауырсыну, ұрық безіндегі сұйықтық және т.б.).
Келушілер Ұлттық ғылыми онкология орталығы Көпсалалы хирургия орталығының онкоуролог дәрігерлерінен тегін кеңес ала алады.
Қабылдау күні өзіңізбен бірге жеке куәлікті және функционалдық диагностиканың медициналық қорытындыларын ала келіңіз.
Алдын ала жазылу үшін Call-center бірыңғай телефон нөміріне қоңырау шалу қажет: 8 (7172) 702 - 911, 702 - 900, жұмыс күндері сағат 08:00 - ден 17:00-ге дейін, сенбі және жексенбі-демалыс күндері.
Біздің мекен - жайымыз: Астана қ., Керей және Жәнібек хандар к-сі, 3.
Абай облысында орын алған қайғылы жағдай бүкіл жұрттың қабырғасын қайыстырды.
Ұлттық ғылыми онкология орталығының ұжымы өрт салдарынан мерт болған орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз, сабыр тілейміз.
7 маусымда Ұлттық ғылыми онкология орталығының конференц-залында "Қайтыс болғаннан кейінгі донордан алғашқы ортотопиялық бауыр трансплантациясына 10 жыл" атты баспасөз конференциясы өтеді, онда ҰҒОО-ң жетекші трансплантологтары, тәжірибелі хирургтары және онкологтары жиналады.
2-3 маусымда Астана қаласында "BREAST CANCER MEETING ASTANA" конференциясы өтеді, онда сүт безі обырын диагностикалау мен емдеудің ең өзекті мәселелері талқыланады және аса маңызды тактикалық мәселелерді шешудің жаңа жолдары әзірленеді.
20 мамыр, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың клиникалық-диагностикалық орталығында терінің қатерлі ісіктерінің алдын алу және ерте анықтау бойынша Ашық есік күні өтеді.
Қазақстан Орталық Азия елдерінде Эндоскопиялық диагностика мен эндоскопиялық емдеудің жаңа әдістерін игеру және кең тәжірибеге енгізу тұрғысынан көшбасшы болып табылатынын ескере отырып, 1-ші эндоскопиялық форумды тек Қазақстан ғана емес, Орталық Азия форумы деп атау туралы шешім қабылданды.
Гистологиялық және цитологиялық зерттеулер - организмдегі патологиялық процестерді анықтауға, дәл диагноз қоюға және терапияның тиімділігін бақылауға бағытталған зертханалық диагностика әдістері.