2023 жылғы 24 маусымда сенбі күні сағат 09:00 - ден 13:00-ге дейін Астана қаласында Ұлттық ғылыми онкология орталығының Клиникалық-
диагностикалық орталығында ісік алды ауруларды, бүйрек және зәр шығару жолдарының қатерлі ісігін ерте анықтауға арналған Ашық есік күні өтеді.
Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын біздің Орталықтың жетекші дәрігер - онкоурологтары қабылдайды:
- Құрманов Талғат Аманжолұлы, м.ғ. к., магистр, PhD, дәрігер уролог, онкоуролог, хирург, онкоурология секторының аға ординаторы;
- Мұғалбеков Шалқарбек Бәкірұлы, жоғары біліктілік санатты дәрігер, онкоуролог, хирург;
- Мұстафинов Дәурен Дулатұлы, онкоуролог дәрігер, медицина магистрі;
- Көбеев Жанқуат Тұрсынұлы, уролог-андролог дәрігер, онкоуролог.
Сондай-ақ, онкологиялық қатерлі ісік (бүйрек обыры, қуықасты безі және қуық, аталық без обыры) белгілерін ерте анықтау бойынша кеңес беріледі.
Консультацияға 18 жастан асқан ҚР азаматтары шақырылады.
ЕГЕР СІЗДЕ :
- бүйрек ауруы, зәрдегі қан қоспасы, түсініксіз этиология анемиясы, зәр шығару проблемалары (ауырсыну, ыңғайсыздық және т. б.);
- аталық без немесе ұрық безі аймағында ауырсыну немесе ыңғайсыздық (ісіну, ісік және ауырлық сезімі, іштің және арқаның төменгі бөлігіндегі ауырсыну, ұрық безіндегі сұйықтық және т.б.).
Келушілер Ұлттық ғылыми онкология орталығы Көпсалалы хирургия орталығының онкоуролог дәрігерлерінен тегін кеңес ала алады.
Қабылдау күні өзіңізбен бірге жеке куәлікті және функционалдық диагностиканың медициналық қорытындыларын ала келіңіз.
Алдын ала жазылу үшін Call-center бірыңғай телефон нөміріне қоңырау шалу қажет: 8 (7172) 702 - 911, 702 - 900, жұмыс күндері сағат 08:00 - ден 17:00-ге дейін, сенбі және жексенбі-демалыс күндері.
Біздің мекен - жайымыз: Астана қ., Керей және Жәнібек хандар к-сі, 3.