15 қарашада ҰҒО акт залында, пленарлық мәжіліс барысында Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Сыздықұлы Сатыбаевтың, сондай-ақ Басқарма Төрағасының, құрылымдық бөлімшелер басшыларының және Орталықтың клиникалық бөлімшелер меңгерушілерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Аталмыш шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің мониторингі және ҰҒОО медицина қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру мәселелері талқыланды.
Қанат Сыздықұлы өз сөзінде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарына және ҰҒОО-да 2021 жылдың 10 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылуына тоқталды.
Орталыққа 7 өтініш (шағым) келіп түсті, ол бойынша шағымдарды талдау мәселесімен 5 отырыс өткізілді, 30 хаттамалық шешім шығарылды. Орындалуы 90% құрады. Барлық өтініштер медициналық көмек көрсетуге қатысты болды, сыбайлас жемқорлыққа қатысты шағымдар жоқ.
Әлеуметтік желілерге, ҰҒОО сайтына және басқа да ақпараттық агенттіктерге мониторинг жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша өтініштер, теріс пікірлер, шағымдар түскен жоқ.
Call-орталықтың телефондарына күн сайын 200-250 қоңырау келіп түседі. Кәзіргі таңда бөлімше немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдері фактілері туралы ақпарат түскен жоқ. Сондай-ақ комплаенс-қызметінің телефонына өтініштер түскен жоқ.
ҰҒОО-да мемлекеттік сатып алудың тұрақты мониторингі жүргізіледі, қорытындыларға әсер ететін бұзушылықтар анықталған жоқ.
Тәртіптік комиссияның 4 отырысы өткізілді, 8 тәртіптік жаза қолданылды, Іскерлік әдеп кодексін бұзу фактілері анықталған жоқ.
"Ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және нормативтік –құқықтық актілерді қолдану, сондай - ақ медициналық қызметті жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталған жоқ" - деп түйіндеді ҰҒОО Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Қанат Сатыбаев.
Осы бағытта жұмыс тұрақты негізде жалғасуда.