Сенбі, 5 наурыз күні сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін Ұлттық ғылыми онкология орталығының клиникалық-диагностикалық орталығында жатыр мойны обырының ерте нысандары мен ісік алды ауруларын ерте анықтау бойынша Ашық есік күні өтеді.
Акция жатыр мойны обыры дамуының негізгі себебі болатын адамның папиллома вирусымен күресудің дүниежүзілік күні аясында өткізіледі.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты - жатыр мойны обырының алдын алу және ерте анықтау, сондай-ақ өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.
Ашық есік күні кезінде барлық тілек білдірушілер онкогинеколог дәрігерінен тегін кеңес ала алады.
Көрсеткіштерге сәйкес дәрігер онкоцитологияға жағынды алып, кіші жамбасты ультрадыбыстық зерттеу тағайындайды, оның нәтижелері бойынша Сіз дәрігердің ұсыныстарын аласыз.
Сапалы және уақтылы кеңес алу және эпидемияға қарсы шараларды сақтау үшін, келесі ережелерді сақтауды сұраймыз:
- алдын ала Сall-орталықтың 8-7172-702-911, 8-7172-702-900 телефоны бойынша дәрігерге жазылу және қабылдау уақытына кешікпей келу қажет;
- жазылу жұмыс күндері жүргізіледі (дс.- жм.) сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін;
- еріп жүрушілердің, әсіресе балалардың санын азайтуды сұраймыз;
- егер сізде ЖРВИ белгілері болса, өзіңізді нашар сезінсеңіз, Ашық есік күні дәрігерге бармаған дұрыс болады, өйткені безгегі бар адамдар Ұлттық ғылыми онкология орталығының клиникалық-диагностикалық орталығына жіберілмейді;
- өзімен бірге жеке куәлігі және алдыңғы тексерулердің нәтижелері (олар болған жағдайда) болуы қажет.
Ұмытпаңыз, кез келген қатерлі ісік диагностикалау мен емдеуде кешіктіруді төзбейді.
Егер сізді күдік немесе күмән мазалайтын болса, дереу дәрігерге баруға кеңес береміз.
Аман-сау болыңыз!