Бас және мойын ауруларының, сондай-ақ қалқанша без ауруларының алдын алу және ерте диагностикалау бойынша өткізілген Ашық есік күні қорытындысы бойынша 20-дан астам адамға кеңес берілді.
20 қараша күні Ұлттық ғылыми онкология орталығы базасында жоғарыда аталған аурулардың ісіктерінің алдын алу және ерте диагностикалау бойынша Ашық есік күні өтті. Бұл күні Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін алдын ала жазылу бойынша онкоотоларинголог-хирург пен эндокринолог-хирургтан кеңес алды.
«Өкінішке орай, пациенттер бізге ісіктердің дамыған кезеңдерімен жиі келеді. Мысалы, егер науқаста ауыз қуысында патология пайда болса, ол тіс дәрігеріне барады, дәрігер оны шөптермен, шаюмен және т.б. емдейді. Сонымен қатар ісік көмейде дамитын жағдайлар да болады. Бұл ретте адамның дауысы өзгереді, содан кейін пациент ЛОР дәрігеріне немесе терапевтке жүгінеді, дәрігерлер антибиотиктер мен басқа дәрі-дәрмектерді тағайындайды. Есте сақтау керек, кез-келген қабыну ауруы дұрыс емделсе, 10 күн ішінде жақсы нәтиже береді. Егер нәтиже болмаса, онкологиялық ауру туралы ойлану керек. Бұл онкологиялық сақтық», - деді онколог, пластикалық хирург Дулат Серікбайұлы.
Бас және мойын қатерлі ісігінің даму қаупін едәуір арттыратын негізгі қауіп факторлары бар – бұл темекіні пайдалану (темекі, сигара шегу, шайнау немесе иіскеу табак), алкогольді теріс пайдалану. Сондай-ақ, күн сәулесінің ұзақ әсер етуі (бұл әсіресе ерін аумағы, бас терісі және мойын обырына қатысты), адам папилломавирусы, Эпштейн-Барр вирусы, ауыз қуысы мен тіс гигиенасының нашарлығы, экологиялық немесе кәсіби ингаляторлар (бояу материалдары, асбест), есірткіні қолдану, дұрыс тамақтанбау (А және В дәрумендерінің төмен мөлшері), әлсіреген иммундық жүйе және басқалар.
Ашық есік күні барысында кеңес алуға жүгінген 3 пациенттен ісік алды аурулары анықталды. Анықталған патологиясы бар барлық пациенттер әрі қарай ҰҒОО-да толық тексеруге және емделуге жіберілді.