Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Хирург онколог-маммолог, жоғары біліктілік санатты дәрігер, медицина магистрі - Динара Ермекқызы Саменова: Сүт безі обырының алдын алу – бұл жыл сайынғы тексерілу.

 

Әйелдің қолынан келетіндердің ең бастысы - бұл бұрын айтқанымыздай тұрақты түрде өзін-өзі тексеріп отыру. Мұны МІНДЕТТІ түрде айына 1 рет жасау керек. Егер сізде қандай да бір өзгерістер болса, алаңдамай және оның не болатынын күтпестен дереу дәрігерге бару керек.

Онкологияда қайталама алдын-алу сияқты ұғым бар. Яғни, біздің емдеудің нәтижелері аурудың анықталған сатысына тікелей байланысты. Ісік неғұрлым ертерек анықталса, толық емделу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады, бастапқы кезеңдерде ол 90%-ға дейін жетеді. Кезең неғұрлым жоғары болса, тұрақты ремиссияға жету соғұрлым қиын болады.
Тексерулерге келетін болсақ, әйелдерге жылына 2 рет сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуінен өту керек. 40 жастан бастап жылына бір рет (және жылына 2 рет ауыр анамнезбен) маммография жасау керек, ол бүкіл әлемде ең тиімді, жалпыға бірдей танылған скрининг әдісі болып саналады. Жыл сайын маммологтың кеңесі барлығына міндетті!

Ары қарай сілтеме бойынша оқыңыз: https://www.zakon.kz/5089348-v-kazahstane-ezhegodno-vyyavlyaetsya.html