Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

2019 жылдың 1 мамырынан бастап Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы UMC ҚФ құрамынан шықты. Енді медициналық мекеме жұмысын Ұлттық ғылыми онкология орталығы  (ҰҒОО) ретінде жалғастырады.  

ҰҒОО аумағында  жаңа емдеу-диагностикалық корпусы салынады  және жұмыс істеп тұрған ғимарат қайта жөндеуден өтеді.

Жаңа орталық архитектуралық жетістігімен ғана емес,  технологиялық мүмкіндігімен де ерекшеленеді. Жоспар бойынша,  ғылыми зертханалар, институт, радиологиялық, лазерлі, протон және ядролық медицина бөлімдерінен тұратын кешен болады. Жаңадан салынып жатқан  қатерлі ісік кластерінің арқасында  қазақстандық пациенттер шекара асып, шетелден ем іздемейдә, ал дәрігерлердің мүмкіндігі артады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы Болат Төкежанов жаңа ҰҒОО ұжымымен кездесіп, ҰҒОО басқарма мүшелерімен таныстырды.

Басқарма төрағасы Жандос Бүркітбаев құттықтау сөз сөйледі. Ол орталықтың негізін қалайтын  - мықты кадрлар екенін айтты.

Бүгінде  ҰҒОО  жобалық-сметалық құжаты  әзірленуде.

Жиын соңында Болат Төкежанов: медицина қызметкерлеріне лайықты еңбекақы төлеу қажет, - деді.  Ал бұл бастаманы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі  қолдайтынын жеткізді.

Еске салсақ, ҰҒОО  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру: табыстарды және өмір сапасын арттыру» Жолдауы аясында құрылды.  

Анықтама үшін: ҰҒОО-ға 2019 жылғы 1 мамырдан бастап бүгінгі күнге дейін 62 пациент емдеуге жатқызылды. Оның ішінде хирургиялық бейін бөлімшесіне – 18,  терапия бөлімшесінде – 14 пациент  және онкогематология бөлімшесіне -  30 пациент қабылданды.