Басқарма Төрайымы Г.У. Кулкаева бастаған ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың өкілдері халықаралық қатысумен радиологтар мен онкологтардың IX Еуразиялық форумына қатысты.
Форум жұмысының алғашқы күнінде Қазақстан Республикасының 2020-2024 жылдарға арналған Онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасының негізгі міндеттері мен бағыттарына сәйкес келетін онкологиялық ауруларды сәулелік диагностикалау мен емдеудің заманауи мүмкіндіктері, сәулелік диагностикада сәулелік әдістерді қолдану мәселелері және жаңа технологиялар талқыланды.
Екі күн ішінде форумға қатысушылар радиологтар мен рентгенологтардың практикалық қызметі процесінде туындайтын өзекті мәселелерді; ғылыми зерттеулердің нәтижелерін, біліктілікті арттыруды, рентген-сәулелік зерттеулер саласындағы мамандардың кәсіби дамуын қарайтын болады.