Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Қай елдің дәрігері ағза алмастыра алса, сол ел - дамыған мемлекет. Әлем медицинасында осындай түсінік бар.

Қаңтар айының басында Ұлттық онкологиялық орталықта ем алушы Айжан Құдароваға операция сәтті жасалғанын көрсеткен едік. Енді пациенттің туыстары дәрігерлерге алғысын айтып жатыр.

❗️Жаңа жылдан бері Ұлттық онкологиялық орталық 3 адамға жаңа өмір сыйлады. Бірі бауыр, бірі бүйрек, бірі жүрегін ауыстырды. 3 науқасқа 2 мәйіт донор табылған. Қазір үшеуінің де жағдайы тәуір.

🩺Арман Маралбай, трансплантолог-дәрігер:

- Соңғы 10 күн ішінде 2 мәйіттік донор табылды. Бауыр отасы жасалды, 7 қаңтар күні, 8 қаңтар күні бүйрек отасы жасалды және де кардиохирургия орталығында жүрек отасы жасалды.

🖍Айгүл Құдарова, А. Құдарованың туысқаны: - Менің сіңлім әрбір диалезден кейін қосыла алмайды бізге келіп. Келеді де, жатып қалады. Қап-қара болып. Қан қысымы көтеріліп кетеді. Осы 7 жыл бойы қиналды. Мәйіттік донордың туысқандарына рақмет айтқым келеді. Екіншіден, басшыларға рақмет айтқым келеді. Ешқандай қорқыныш жоқ екен. 1 адамның мәйітінен 5 адам құтқарылып қалып жатыр.

Толығырақ сюжетті сілтеме арқылы көріңіздер: https://24.kz/.../634507-d-rigerler-10-k-nde-3-adam-a...

Возможно, это изображение 2 человека, толстый лори, больница, отдел новостей и текст «ACTAHA 10 кунде 3 адамнын аfзасы алмастырылды»