Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Мәйіттің донор тапшылығы отандық трансплантацияны тежеп тұр.

Қазір Қазақстанда донорлықты дамыту үшін мемлекет тарапынан қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Медицина мамандарын шетелде оқыту, әлем дәрігерлерімен тәжірибе бөлісу ісі жолға қойылды.

ҰҒОО профессоры Жақсылық Досқалиевтің пікірінше, халықаралық тәжірибеде миы өлгеннен кейін адамның өзі өлді деп саналады. Ми өлгеннен соң көп болса екі-үш тәуліктен кейін жүрегі де басқа да ағзалары тоқтайды. Ал ол ағзалар біреуге салуға жарамсыз болып қалады. Жүрек тоқтаған соң оны ешкімге салуға келмейді.

 

Трансплантация бойынша қажетті нормативтік құқықтық база дайындалған. Клиникалық орталықтар қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бірақ, біздің қоғамның бұл мәселеге дайын еместігі қолбайлау болып отыр. Демек, бізге әлі де түсіндіру жұмыстары жеткіліксіз.

ҰҒОО хирург-трансплантологы Мэлс Асықбаевтың пікірінше, азаматтардың басым бөлігі қайтыс болғаннан кейін орган беру мәселесіне бей-жай қарайды. Бұл орайда, заң бойынша Egov арқылы өтініш берілсе де, берілмесе де жақын туысқандардың рұқсаты қажет. Мысалы, өзі келісім берген адамда бас-ми жарақаты болса, туысқандары қарсылық білдіруі мүмкін. Заңға сәйкес осыдан кейін орган алынбайды. Сол үшін біздің ел алдымен мәйіттік трансплантацияны айтарлықтай қолға алу керек. Өйткені, сол мұқтаж пациенттердің арасында біз де болып қалуымыз мүмкін.

Материалды толық мына сілтеме арқылы оқыңыздар:

https://malim.kz/article/analytics/donor-tapsylygy-otandyq-transplantaciyany-tezep-tur-18434