Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Тоқ ішек пен тік ішек – ағзамыздағы асқорыту жүйесінің маңызды бөлігі екені белгілі. Колоректалды обыр неліктен пайда болады? Оның алдын алу жолдары бар ма? Отандық дәрігерлер бұл дертті қалай емдейді? Кеселден қалай сақталған абзал?

Ұлттық ғылыми онкология орталығы Онкоколопроктология секторының жетекшісі, дәрігер онколог, хируг Мейрам Асқарұлы Мамлин:

- Бұл жерде колоректалды обыр дегеніміз тоқ ішек пен тік ішектегі ісік екендігіне тоқталғым келеді. Бұл негізінен екі ағзаның атқаратын функциясы да әртүрлі. Егер тік ішектің обыры туралы айтатын болса, бұл ағзаны алып тастау онкологиялық салдардан бөлек, өмір сүру сапасына әсер ететін функционалдық өзгерістерге ұшырататыны анық. Бұл ағзаны қаншалықты көбірек алып тастаса, өмір сүру сапасы соғұрлым күштірек өзгереді. Ал тоқ ішектің резекциясы кішігірім көлемде адамның өмір сүру деңгейіне әсер етпейді. Жарты жыл немесе бір жыл өткен соң пациент ондай операция жасатқанын ұмытып кетуі де мүмкін. Оның өмірі бұрынғысында жалғаса береді.

Ал операциядан кейінгі қалыпқа келуге көптеген факторларға: адамның жасына, қосалқы ауруларына, аурудың сатысына, операцияның өзінің көелміне, пациенттің зиянды әдеттеріне байланысты болып келеді. Осы орайда пациенттің өмір сүру ұзақтығы операцияның жасалу әдісіне байланысты деген қате пікір бар екендігін айтқым келеді. Ал операцияның түрлеріне тоқталсақ, ол: ашық хирургия немесе азинвазивті, аз жарақатты хирургия.

Түсінікті болу үшін айта кетейін: азинвазивті операцияда бұл жерде кішігірім көлемдегі арнайы құралдар қолданылады және азғантай тесік жасау арқылы ағза алынып тасталады. Соңғы тәсілдің бірнеше артықшылығы бар: бұл біріншіден, әрине, косметикалық әсері бар: кішігірім тесік жасау арқылы, сондай-ақ ауырсыну синдромын азайту мен жылдам оңалу. Алайда онкологиялық артықшылықтары жоқ. Бұл дегенім немесе ашық хирургиялық әдіспен немесе лапароскопиялық әдіспен операция жасалынады, бұл бұл диагнозы бар адамның өмір сүру ұзақтығына ешқандай да әсер етпейді. Бірақ көп жағдайларда пациенттеріміз операцияның қандай тәсілмен жасалатынына алаңдаушылық білдіріп жатады. Өмір сүру ұзақтығына онкологиялық көзқарас тұрғысынан операцияның дұрыс жасалуы ықпал ететінін түсіне бермейді.

Толығырақ сілтеме бойынша оқыңыздар:

https://baq.kz/toq-ishek-obyry-da-tuqym-qualaydy.../

Возможно, это изображение 1 человек, улыбается и больница