Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Қазіргі заманғы медицинаны біздің пациенттерге деген қамқорлықтың көп бөлігі жататын мейіргерлерсіз елестету мүмкін емес. Мұндай мамандық, ең алдымен, жанқиярлықты, шеберлікті, адамгершілікті, қиын жұмысына деген сүйіспеншілікті қажет етеді. Қазіргі уақытта ҰҒОО-да мейіргер ісі қызметінің 307 қызметкері жұмыс істейді.


Мейіргерлердің кәсіби мерекесіне орай Ұлттық ғылыми онкология орталығы базасында салтанатты жиналыс өтті. Іс-шара барысында ҰҒОО Басқарма төрағасы Құлқаева Гүлнар Өтепергенқызы Мейіргер ісі қызметінің қызметкерлерін құттықтап, алғыс сөздерімен жүгінді:
«Мейіргерлердің сауатты әрекеттері пациенттердің сауығу процесін анықтайды. Бүгінгі таңда мейіргерлердің міндеттері кеңеюде, қызметтің жаңа бағыттары ашылып жатыр, олар жоғары білім алуда, күрделі процедураларды орындауда. Жұмыс күндері және мереке күндері мейіргерлер өз посттарында, пациенттердің денсаулығы мен өмірін қадағалауда. Біз сіздерге жанашырлықтарыңыз, еңбекқорлықтарыңыз, мамандыққа берілгендіктеріңіз және жоғары кәсібиліктеріңіз үшін алғыс айтамыз. Сіздерге зор денсаулық, амандық, көтеріңкі көңіл-күй мен оптимизм тілеймін!»
Кейін, Гүлнар Өтепергенқызы ерекше көзге түскен мейіргерлер мен клиника бөлімшелерінің жас мамандарына халық денсаулығын қорғау ісіндегі адал еңбегі үшін ҰҒОО-ның құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті:
• Құдайберген Гүлбану Қадырбекқызы
• Жақсыбергенова Ильдана Кеңесқызы
• Тайтыев Шапағат Айдарұлы
• Балова Салтанат Мұхамеджанқызы
• Шишова Әлия Елеусізқызы
• Шәмшиденова Әсем Төлеуханқызы
• Төлеубай Жайнагүл
• Барменова Индира Сәкенқызы
• Баутова Сахибам Махаметқызы
• Жұмашева Жанна Әуезқызы.
Сонымен қатар, Орталық ішінде өткізілген пациенттер мен әріптестер арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша Басқарма төрағасының орынбасары Әділбек Қайырбекұлы Мұқажанов төмендегі номинациялар бойынша қызметкерлерді марапаттады:
• «Мисс/Мистер Сымбаттылық» Сәлемханова Сәния Алпысбайқызы болды (Анестезиология, реанимация және трансфузиология орталығы);
• «Мисс/Мистер Мейірімділік» Мусина Әлия Дүйсембайқызы марапатталды (Ортопедия, остеоонкология және тамыр хирургиясы орталығы);
• «Мисс/Мистер Тіл тапқыш» Шәріпова Лиза Жанахметқызы тағайындалды (Көп бейінді терапия орталығы);
• «Мисс/Мистер Кәсіпқойлық» Шәкетова Қадиша Төребекқызы жеңді (Онкогематология және ТКМ орталығы);
• «Үздік аға мейіргер» номинациясында операциялық блоктың аға мейіргері Зәмзәгүл Әлімжанқызы Жаманбаева жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ, Мейіргер ісі жөніндегі басқарушы директор Гүлмира Зәкияқызы Ғалымова медициналық колледжді бітіргеннен кейін ҰҒОО-да жұмыс істейтін жас қызметкерлерге марапаттар берді.
«Сенім» кәсіподақ ұйымының атынан Тоқтағанова Әсемгүл келесі қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етті: Зәмзәгүл Сапарғалиеваға (қабылдау бөлімі); Майра Райымбековаға (көп салалы ақылы бөлім); Гүлназира Бұлаеваға (сәулелік және функционалдық диагностика орталығы).

Марапаттарыңыз құтты болсын, құрметті әріптестер!

награждение 2награждение 3награждение 4

награждение 5награждение 6