Нұр-Сұлтан қаласындағы Керей, Жәнібек хандар к-сі, 3 орналасқан Ұлттық ғылыми онкология орталығының кіреберіс аумағында Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының көшпелі бригадасының арқасында Орталық қызметкерлері қысқа ғана уақыт ішінде жұмыс орнынан кетіп, донор бола алды.
Аумақта өткізілетін процедураның алдында болашақ донорлар алдын-ала дайындықтан өтіп, жиналған күні жалпы қан анализін тапсырып, терапевтпен кеңесу керек. Егер денсаулықтың барлық көрсеткіштері қалыпты болса, онда ең негізгіге - қан тапсыруға болады. Көшпелі бригадасының мейірімді қызметкерлері бүкіл процесті қамтамасыз етіп қана қоймай, жаңадан бастаушыларға психологиялық қолдау көрсетті.
Донорлықтың маңыздылығын асыра бағалау қиын, әлемде әр минут сайын донорлық қан біреудің өмірін сақтайды.
* аталмыш шара санитарлық және карантиндік шаралар мен ережелер қатаң сақталып өтті.