Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Стоматикалық пациенттерге консультациялық көмек көрсету, жеке тамақтану ережелері бойынша ұсыныстар беру, өмір сүру сапасын арттыру мақсатында Ұлттық ғылыми онкология орталығында колопроктология секторының базасында коло және уростомиялық науқастарды оңалту үшін кабинеті құрылған.


Кабинет келесі функцияларды жүзеге асырады:

🔹пациентті одан әрі медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек алу мүмкіндіктері туралы хабардар ету;
🔹пациенттер мен туыстарды стомаларды күтуге үйрету;
🔹 тамақтану режимі мен өмір салты туралы ақпараттандыру;
🔹аумақта науқастарды оңалтудың арнайы құралдарын таңдауды жүзеге асыратын емдеу-профилактикалық мекемелерінің дәрігер-мамандарының жұмысын үйлестіру және олардың қызметіне ұйымдастырушылық- әдістемелік басшылық жасау.

Қазіргі уақытта стома кабинетінде тәжірибелі білікті мамандар - стома терапевті-арнайы оқыған мейіргер жұмыс істейді, сондай - ақ, жетекші колопроктолог мамандар, орталықтың хирургтары кеңес береді.

❗Жоғарыда аталған барлық қызметтер ақылы негізде көрсетіледі.

Стоманы тексеруге, күтім құралдарын таңдауға және оларды қолдануды үйретуге арналған кеңестер алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі.

☎️ Сіз Сall-орталықтың нөмірі бойынша жазыла аласыз: 8/7172/ 702-911, 702-900. Тек ватсап хабарламаларын қабылдауға арналған телефон нөмірі: + 7 708 425 07 11 (қоңырауларды қабылдамайды).

Жұмыс режимі 8: 00-ден 17.00-ге дейін, сенбі, жексенбі - демалыс.

➡️ Біздің мекенжай: Астана қаласы, Керей және Жәнібек хандар көшесі, 3.

#NROC #медицина #онкология #стоматерапевт #стома #реабилитация #колостома #уростома