Бүгін сапар күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа корпусының құрылыс нысанымен танысуға арналды.
Қарап-тексеруге ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Вице-министр Жандос Бүркітбаев, ҚР ДСМ департаменттерінің директорлары, ҰҒОО Басқарма төрағасы Гүлнара Құлқаева және оның орынбасарлары, сондай-ақ «Mabetex group», «Делойт ТСФ», «IT Engineering SA», «B&A Contractors SA» құрылыс компаниясы дирекциясының өкілдері қатысты.
Аралау барысында Министр Ажар Гиниятқа заманауи жоғары, -төмен энергетикалық желілік үдеткіштерді пайдаланатын протон орталығы көрсетілді, ядролық медицина мен лазерлік терапияны қолдана отырып емдеу әдістері, жасушалық иммунотерапия сияқты инновациялық технологиялар, сондай-ақ 10 операциялық блок, реанимациялық, клиникалық-диагностикалық және онкогематологиялық бөлімше енгізілетін болады. Жаңа онкологиялық орталықта трансплантациялық блоктың қуаты үш есеге артады, сүйек кемігін трансплантациялау үшін тікелей дайындалатын пациенттер үшін 1-2 орынды палатадан тұратын 55 төсектік 2 бөлімше ашу жоспарланған.
ҚР Денсаулық сақтау Вице-министрі Жандос Бүркітбаев жаңа корпус салу бойынша Жол картасын іске асыру шеңберінде жобаны іске асыруды аяқтау және оны жабдықпен қамтамасыз ету мерзімдері туралы хабарлады.
Содан кейін құрылыс орнында жұмыс кеңесі өтті, онда жүргізіліп жатқан жұмыстардың қарқыны мен сапасы бағаланды.
ҰҒОО Басқарма төрағасы Гүлнар Құлқаева онкология орталығын одан әрі пайдалануға байланысты мәселелерді шешу бойынша кеңеске қатысушылардың назарын аударды: жаңа технологиялар бойынша тариф құру; ядролық және протон терапиясы бойынша мамандармен жасақтау; ядролық және протон терапиясы бағыттары бойынша мамандарды оқыту; қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету; қосымша автотұрақ/паркинг.
ҚР ДСМ басшысы Ажар Ғиният «орталықты ұстау», атап айтқанда аурухананы кадрлармен қамтамасыз ету, әсіресе ядролық физика, ядролық қауіпсіздік сияқты тапшы бағыттар бойынша мәселелерді шешуге кірісуді, оларды жедел түрде дайындауды тапсырды.
«Бұл нысанды біздің еліміздің халқы күтуде, бұл маңызды әлеуметтік нысан. Қазақстанда жыл сайын онкологиялық аурулардың 35 000-нан астам жаңа жағдайы анықталады, олардың бір бөлігі кеш сатысында анықталады. Жаңа онкологиялық орталықты салу – бұл стратегиялық маңызды. Қазақстандық пациенттер өздерінің жақындарының жанында үздік халықаралық практикаға сәйкес мамандандырылған ем ала алады», - деп атап өтті министр.
ҰҒОО үлгілі инфрақұрылымы және ғылыми, клиникалық және білім беру практикасының интеграциясы бар Орталық Азия өңірі елдерінде онкология саласындағы жетекші ғылыми орталыққа айналады.
Ұлттық және халықаралық талаптарға сәйкес келетін Орталықтың құрылысы қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау және емдеу бойынша жоғары білікті, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Жаңа медициналық орталықтың миссиясы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қатерлі ісіктердің алдын алудың, ерте диагностикалаудың және емдеудің жоғары технологиялық әдістерінің қолжетімділігін арттыру болады.