Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси дамуына қарамастан әлемнің барлық дерлік елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да бар, тек ауқымымен ғана ерекшеленеді.
Сыбайлас жемқорлық елдердің әлеуметтік-экономикалық даму процесін, экономикасын тежейді. Саяси және қоғамдық институттарға теріс әсер етеді және елдің болашақ дамуына елеулі қатер болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған.
ҰҒОО қызметкерлерінің хабардарлығын арттыру мақсатында Орталық жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс тобы құрылды, ол Еркін Нәбиұлы Бикенбаевтың басшылығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық ұғымын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жетілдіруді, қызметкерлер арасында заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті белгілеуді үнемі жүргізіп отырады.
Біз жемқорлыққа қарсымыз!