2021 жылғы 12-14 желтоқсанда "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ морфологиялық зерттеулер орталығы базасында "Патолог мектебі" өтті, оның аясында 2 мастер класс ұйымдастырылды:
1. Патоморфолог дәрігерлер үшін - "Сүйек, жұмсақ тіндер мен тері ісіктерінің морфологиялық диагностикасы". Спикерлер: РФ-тың Н.И. Пирогов атындағы РДКБ ФГАОУ ВО РНИМУ патологоанатомиялық бөлімшесінің меңгерушісі Д.В. Рогожин және патолог дәрігер И.С. Клецкая.
2. Гистолог зертханашылары үшін - гистологиялық техниканың өзекті мәселелеріне, оның проблемалары мен шешімдеріне арналған "Зертханашы мектебі".
Бағдарлама спикерлері: РФ-тың Д.Рогачев атындағы НМИЦ ДГОИ фельдшер-зертханашысы Т.А. Парфенова және "BioVitrum" ЖШҚ компаниясының зертханалық дайындау жөніндегі маманы К.Ю. Воловик.
Біздің орталықтан осы мастер-класқа "ҰҒОО" ЖШС цитологиясымен патоморфология орталығының меңгерушісі С. О. Болсынбекова және гистолог-зертханашылар А. Жапарова мен Д. Сомов қатысты.