Ұлттық онкология ғылыми орталығында 23 қараша мен 4 желтоқсан аралығында Gastro Hepato Transplant Group Astana" қауымдастығы ұйымдастырған "Ішектің қабыну ауруларын диагностикалау мен емдеудің өзекті мәселелері" тақырыбына арналған дәрістер топтамасы өтуде.
Іс – шараның мақсаты-ішектің қабыну ауруларын диагностикалау және емдеу бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ медициналық қоғамдастықтың медициналық сауаттылығын арттыру.
Іс-шара:
- Ұлттық ғылыми онкология орталығының Басқарма төрағасының медициналық қыызмет жөніндегі орынбасары, м.ғ.к., доцент - Әділбек Қайырбекұлы Мұқажановтың;
- медицина ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылыми онкология орталығының профессоры - Күлпаш Сағындыққызы Қалиасқарованың;
- медицина ғылымдарының докторы, профессор, Санкт-Петербург қ. ВЗК орталығының басшысы - Оксана Борисовна Шукинаның және басқа да сарапшылардың қатыстуымен өтіп жатыр.
Іс - шара барысында ішектің қабыну ауруларын диагностикалау және емдеудің заманауи әдістері талқыланады.
Іс-шара соңында қатысушы сертификатын беру жоспарлануда.