Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Бүгін, 10 наурызда Ұлттық ғылыми онкология орталығында Эссен университеттік клиникасының (бұдан әрі - ЭУК) өкілдерімен екі клиника арасындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша онлайн - кездесу өтті. Іс-шараны ҰҒОО-ның стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бөлімі ұйымдастырды.

 

Герман тарапын Батыс Германия онкология орталығының бас директоры, доктор Стефан Палм, профессор Дирк Шадендорф, ынтымақтастық және есеп беру жөніндегі үйлестіруші Вибке Бомхолт ұсынды.

Кездесу күн тәртібінде – «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан Батыс Германия онкология орталығы базасында отандық онкологиялық қызмет мамандарын даярлау. Әсіресе, протонды терапия орталығының жұмысын сүйемелдеу үшін техникалық бейіндегі мамандарды – физиктерді оқыту мәселелері, сондай-ақ онкологиядағы маңызды, іргелі бағыттардың бірі болып табылатын дәрігерлердің, оның ішінде цитология және патоморфология мамандарының тағылымдамасы талқыланды.

Кездесу барысында шетелдік әріптестерге жаңа салынып жатқан онкологиялық орталық жобасының тұсаукесері ұсынылды және тиімді іске асыру үшін көрсетілген стратегиялық әріптес базасында онкологиялық қызмет мамандарын даярлау көзделген қызметтің негізгі бағыттары айтылды.

Тараптар сындарлы түрде пікір алмасты, өзара ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады және Қазақстанда онкологиялық қызметті дамыту бөлігінде бірлескен күш-жігерді арттыруға қызығушылық білдірді.