Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

💢 Пластикалық хирургия – медицинадағы жаңа салалардың бірі саналады. Реконструктивті пластикалық хирургия елімізде қалай дамып жатыр? Оның рөлі қандай?

Осы және өзге де сұрақтарға елордадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының дәрігері, реконструктивті-пластикалық хирург Бауыржан Әнәпия:

-Реконструктивті хирургия дегеніміз – келбеттегі ақауды жоюмен айналысатын сала. Біз сыртқы келбеттегі ақаулардағы, функционалдық ақауларды қалпына келтіріп, онкологиялық көлемде операциялардан кейінгі коррекцияны жасаймыз. Сондай-ақ біздің орталығымызда аяқтағы трофикалық ойықжара мен ұзақ жатқаннан денедегі тесілген орынды емдейді. Одан бөлек, қазіргі таңда микрохирургияны, яғни бір немесе бірнеше тіндердің бөлігінде көлемді ақаудың орнын жою үшін бірнеше миллиметр диаметрдегі тамырларға анастомоз салуды қолға алдық. Бұл дегеніміз – микрохирургиялық техника енгізіліп, тері, бас, мойын, жыныс ағзаларының онкологиялық зақымдалуына шалдыққан науқастарға көмек көрсетіледі. Үлкен көлемдегі тіндерді алмастыру операциялары жүргізіледі, функционалдық ақаулар қалпына келтіріледі. Сондай-ақ жақсүйек-бет аймағы мен жалпы бас аймағын реконструкциялау технологиясы енгізілді. 2023 жылдан бастап біздің сектор шораяқ, яғни терінің қалыңдап өсетін ауруы диагнозы қойылған адамдардың лимфа тамырларына операция жасауды қолға алған Орта Азиядағы алғашқы жер.

Бұл операция супермикрохирургия бағытына жататын инновациялық операция болып саналады.

Сұхбатты толығырақ сілтемеден оқыңыздар:

https://baq.kz/plastikalyq-hirurg-estetikalyq-otalar.../

Возможно, это изображение 1 человек, очки для зрения, больница и текст