Құрметті қазақстандықтар!
Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен құттықтайды! Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар және өз еліне шексіз берілген адамдар еңбегі ұшан-теңіз. Біз Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, бірге елеулі үлес қосатынын әрқашан мақтан тұтамыз.
Осы мереке күні короновирустық инфекциямен күресте алдыңғы қатарда тұрған барлық медицина қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз. Сіздерге еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге толағай табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен бақыт, жаңа жетістіктер, бейбіт ғұмыр тілейміз!