Құрметті Нұр- Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары!
«Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС 2020 жылғы 25 мамырдан пациенттердің амбулаториялық-консультациялық қабылдауын бастайтынын хабарлаймыз.
Консультация алу тәртібін нақтылап, мамандардың қабылдауына жазылу үшін байланыс орталығының 8(7172)702 911 телефон нөміріне хабарласа аласыз.
Консультациялар, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимін сақтай отырып, қатаң түрде жазылу бойынша және белгіленген уақытта өткізіледі. Пациенттер қабылдауға міндетті термометриядан кейін және тек маскада кіре алады. Тұмау белгілері немесе денесінің жоғарлатылған температурасы бар тұлғалар қабылданбайды.