Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Ұлттық ғылыми онкология орталығына жоғары санатты 10 ӨЖЖ (ИВЛ) аппараты келіп түсті.

 

Газ қоспасын мәжбүрлеп беруге және өкпеден көмірқышқыл газын шығаруға арналған ӨЖЖ аппараттары онкогематологиялық реанимация; анестезиология, реанимация және қарқынды терапия және трансфузиологиясымен онкогематология және СКТ орталықтарында орнатылды.
АҚШ-та шығарылған жаңа заманауи Hamilton G5 құрылғыларының көптеген артықшылықтары бар, олар әр пациент үшін оңтайлы параметрлерді таңдауға мүмкіндік беретін механикалық желдету режимдерінің кең таңдауына ие. Дисплей барлық сандық параметрлер мен тыныс алу кестесін, соның ішінде нақты уақыт режимінде оттегі мен көмірқышқыл газын бақылауды толығымен көрсетеді.
Бұл орталық мамандарына сапалы медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, реаниматолог-дәрігерлердің жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді.