Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамыту Ұлттық ғылыми орталығы 19-20 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін "Қазақстандағы мейіргерлік білім, зерттеу және практика: мейіргер ісінің болашағына инвестициялар" атты Халықаралық конференцияның ұйымдастырушысы болды.
Аталған іс-шара мейіргерлер қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Конференция жұмысына ҰҒОО мейірбике ісі қызметінің мамандары онлайн режимінде қатысады.
Бүгін пленарлық сессия барысында ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клуге құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол мейіргер ісінің бірқатар басым және өмірлік маңызды мәселелерін қозғады: білім беру және бүкіл Еуропа мен Орталық Азия елдерінде халықтың әл-ауқатын нығайту мақсатында білім беру бағдарламаларын дамыту үшін жағдай жасау.
Содан кейін ДДҰ ЕӨБ Мейірбике ісі және акушерлік саясат жөніндегі кеңесшісі Маргриета Лангинс өз сөзінде денсаулық сақтау жүйесі және медициналық көмек көрсетуді жақсарту және мейіргерлердің рөлі, мейіргерлердің медициналық қызметкерлермен өзара іс-қимылының маңыздылығы, мейіргерлерді жұмыспен қамту мәселелерін қозғады.
Сонымен қатар Литва, Финляндия және Қазақстан әріптестерінің пленарлық баяндамалары келесі тақырыптар бойынша тыңдалды:
"Қазақстан Республикасындағы мейіргер қызметінің жағдайы. Бүгіні мен болашағы"; «Accelerating Master and PhD level nursing education development in the higher education system in Kazakhstan»
«Nursing Science as an investment for health care».
Ертең, екінші күні пленарлық баяндамалармен, секциялармен және мейіргерлерді дайындаудың тұжырымдамалық тәсілдері және мейіргерлік күтім сапасын қамтамасыз ету туралы қысқаша дәрістермен жалғасады. Конференция аясында "Мейірбике ғылымы: қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен даму перспективалары" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылады және өткізіледі.
* Анықтама:
ҚР ДСМ деректері бойынша жыл сайын Қазақстанда оқу орындарында 23 000 орта медициналық қызметкер, оның ішінде 6000 – ға жуық мейірбике, 3000 практик шығарылады. Қазіргі уақытта колледждердегі оқушылар контингенті 93 мыңнан астам болашақ медицина қызметкерлерін құрайды. Олар Мейірбике ісі, акушерлік-емдеу ісі, фармация, зертханалық диагностика, Стоматология, Ортопедиялық медициналық оптиканы қоса алғанда, 9 мамандық бойынша оқытудан өтеді.
Орта буындағы жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің үлесі ең көп және бүгінде ел бойынша 188 мың адамды құрайды, оның ішінде ауылда 54 мың мейірбике жұмыс істейді.