14-16 қазан аралығында ҰҒОО делегациясы Түркістан қаласында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының онкологтары мен радиологтарының VIII съезіне қатысып жатыр.
Съезд шеңберінде онкологияның мынадай негізгі мәселелері қамтылатын болады: алдын алу және ерте диагностикалау, ісіктің молекулалық-биологиялық ерекшеліктері, сәулелік диагностика, хирургияның қазіргі заманғы жетістіктері (бас және мойын ісіктері, торакальды хирургия, сүт безі ісіктері, онкоурология, онкогинекология, сүйек, жұмсақ тіндер ісіктері); патоморфология, сәулелік және таргеттік терапия, оңалту, скринингтік бағдарламаларды іске асыру мәселелері, қатерлі ісіктерді ғылыми зерттеу және басқалар.
Съезде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, Тәжікстан, Ресей, Украина, Бельгия, Дания, Израиль, Грузия, Франция, Италия, Испания, Ұлыбритания ғылыми және клиникалық орталықтарының ғалымдары мен жетекші мамандары баяндама жасайды.
Екінші күн клиникалық жағдайларды/кейстерді егжей-тегжейлі талдауға арналады. ҰҒОО баяндамашылары гепатопанкреатобилиарлық хирургия, колоректальды обыр, сәулелік диагностика, онкология, онкогематология сияқты түрлі тақырыптар бойынша презентациялар ұсынады.
Съезге қатысушылардың екі күндік жұмысының қорытындысы жалпы отырыста қорытындыланады, онда қорытынды қарар қабылданады, сессиялар мен пікірталас алаңдарында әзірленген ұсынымдар ескерілетін болады.
Айта кетейік, эпидемиологиялық жағдайға байланысты Онкологтар съезі барынша қауіпсіздік шараларын сақтай отырып өтуде.