Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

57 жастағы науқас сан-авиация желісі бойынша (Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы) ҰҒОО-ның көп бейінді хирургия бөлімшесіне сүт безі ісігінен көптеген қан кетумен түсті.

Ұлттық ғылыми онкология орталығының онколог дәрігерлері шұғыл ота жасады.

«Науқас ауыр халде, ағзаның улануымен және сол жақ сүт безінің ісігінен қан кетумен түсті. Қан кетуіне байланысты гемоглобин 70 г/л дейін төмендеді. Операция күрделі болды, жалпы мастэктомия жасалды. 1200 мл ісік көлемінде ісікпен безді алып тастады. Науқастың айтуынша, ол 2 жыл бұрын ісікті анықтаған. Дәрігерлерге бармаған, ісіктен қан кету басталған кезде ғана жүгінген», - деді ҰҒОО маммологы, хирург дәрігері Динара Саменова.

Қазір пациент өзін жақсы сезінеді және ҰҒОО-ның мультитәртіптік комиссиясы белгілеген емдеу жоспарына сәйкес емдеу курсынан өтіп жатыр.

Өткен жылы сүт безінің қатерлі ісігі 200 әйелдің өмірін қиды. Сонымен қатар, елімізде жыл сайын 4 мыңнан астам әйел кеудесінде ісік табады.

Айта кетейік, ҰҒОО-да ТМККК және МӘМС шеңберінде сүт безі обырын емдегеннен кейін ағза сақтайтын, қайта қалпына келтіретін операциялар тегін жүргізіледі. Ең бастысы - тіркелген жері бойынша емхананың медицина мамандарына уақытылы жүгіну. Сүт безі қатерлі ісігінің уақтылы скринингтік тексеруден өту.

Қазақстанда тұрғындар үшін скринингтік тексерулер тегін жүргізіледі. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI Кодексінің 87-бабына сәйкес (24.06.2020 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) қызметкерлердің скринингтен өту үшін әлеуметтік демалысқа құқығы бекітілген, оған еңбекақысы мен жұмыс орны сақтала отырып, үш жұмыс күні беріледі.