Ұлттық ғылыми онкология орталығында Дүниежүзілік өкпе қатерлі ісігімен күрес күніне орай 2024 жылғы 3 тамызда өкпенің қатерлі ісігін алдын алу және ерте диагностикалау бойынша Ашық есік күні өтеді.
ДДСҰ мәліметтері бойынша өкпе қатерлі ісігі онкологиялық аурулардан болатын өлімнің басты себебі болып табылады, ол ерлер мен әйелдер арасында ең жоғары өлім көрсеткіштеріне ие. Өкпе қатерлі ісігінің негізгі себебі - шамамен 85% барлық ауру жағдайларын тудыратын темекі шегу.
Қазақстанда Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметтері бойынша жыл сайын өкпе қатерлі ісігінің 5000-нан астам жағдайы анықталады. Бұл онкологиялық аурулардың ішіндегі ең жиі кездесетін түрлерінің бірі, өлім-жітім саны бойынша бірінші орында тұр.
Алайда дәрігерлер емдеудің қолайлы нәтижесі өкпе қатерлі ісігін бірінші немесе екінші сатысында анықтағанда 85-90%-ға жететінін үнемі еске салады. Кейінгі диагностика өмір сүру болжамын едәуір төмендетеді.
Өкпе қатерлі ісігінің белгілері тұрақты жөтел, кеуде ауыруы және ентігуді қамтиды. Кейде симптомдар әлсіз көрініп, кәдімгі тыныс алу ауруларына ұқсайды.
Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын, тәуекел тобына жататын немесе аталған белгілердің жиынтығын байқаған барлық азаматтарды Ашық есік күніне қатысуға шақырамыз. Сіз біздің онколог-хирург дәрігерлеріміздің тегін тексеруінен өтіп, кеңес ала аласыз.
Ол үшін Call-орталықтың 8-7172-702-911, 8-7172-702-900 телефон нөмірлеріне немесе Whatsapp арқылы +7 708 425 07 11 (тек хабарламалар үшін) алдын ала жазылып, қабылдау уақытына кешікпей келуіңіз қажет.
Жазылу жұмыс күндері (дс.-жм.) сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі.
Тексеру күні өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді және алдыңғы тексерулердің нәтижелерін, КТ кеуде қуысы органдарының (сурет/диск) болуы қажет.
Біздің мекен-жайымыз: Астана қ., Керей мен Жәнібек хандар көшесі, 3.
Қабылдау күні мен уақыты: 2024 жылғы 3 тамыз, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.