Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Ол Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орайластырылады.

Кез-келген адам жасына және кәсібіне қарамастан қатерлі ісік ауруына шалдығуы мүмкін.

 ҚР ДСМ статистикалық деректері бойынша "онкология" диагнозымен  205 мыңнан астам қазақстандық есепте тұр және жыл сайын қатерлі ісіктердің 35 мыңнан астам жаңа жағдайы анықталады. Аурушаңдық бойынша бірінші орында сүт безі обыры, екінші орында – колоректальды Обыр, үшінші орында – өкпе обыры, одан кейін асқазан обыры және жатыр мойны обыры. 

2024 жылғы 3 ақпанда барлық  ниет білдірушілер МСАК ұйымының жолдамасынсыз онколог-дәрігерлерден, хирургтардан тегін кеңес ала алады.

Қабылдауды іш, кеуде онкологиясы, бас және мойын ісіктері, тері және жұмсақ тіндер 

ісіктері бойынша дәрігерлер жүргізеді. 

Егер қатерлі ісікке күдік болса, науқасқа қосымша тексеру тағайындалады.

 Іс-шара Ұлттық ғылыми онкология орталығының Консультативтік - диагностикалық орталығында Астана қаласы, Керей және Жәнібек хандар көшесі, 3, қабылдау уақыты: сағат 09: 00-ден 13:00-ге дейін өтеді. 

Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз және алдыңғы тексерулердің нәтижелері болуы қажет (олар болған жағдайда).

 Сall-орталықтың телефон нөмірлері: 

8 (7172) 702-911, 702-900 бойынша алдын ала жазылып, Ашық есік күні аясында кеңес алуға болады, жұмыс күндері және жұмыс уақыты:8:00-ден 17: 00-ге дейін.

Бұл іс-шараның мақсаты - халықтың назарын онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау проблемасына аудару болып табылады.

Онкологиялық ауруды терапияға жақсы жауап беретін ерте кезеңде анықтау өте маңызды. Сондықтан дәрігерге уақытылы бару өмірді сақтайды!