Ұлттық ғылыми онкология орталығында әріптестермен қатерлі ісіктерді емдеудің клиникалық тиімділігі туралы есептерді талқылау жақсы дәстүрге айналды.
Бүгін, 8 ақпан күні Көпсалалы хирургия орталығының хирург-онкологы Алтай Қуанышбекұлы Керімқұлов әріптестерінің назарына 2015-2020 жылдары ННОЦ асқазан обырын емдеу бойынша баяндама ұсынды.
Ұсынылған талдауда мультидисциплинарлық тәсіл негізінде жүргізілген хирургиялық араласулар туралы, пациенттердің жалпы өмір сүруі туралы статистикалық деректер айтылды.
Баяндама барысында асқазан обыры кезіндегі радикалды хирургиялық операциялардың басым бөлігі операциядан кейінгі асқынулар қаупін азайтатын және пациенттердің клиникада болу мерзімін қысқартатын аз инвазивті технологияларды (лапароскопиялық әдіс) қолдану арқылы жүргізілгені атап өтілді.
Бүгінгі таңда аймақтағы лапароскопиялық гастроэктомия дәрігерлердің кәсіби дайындығы мен клиниканы қажетті жабдықтармен қамтамасыз етудің арқасында Ұлттық ғылыми онкология орталығында ғана жүзеге асырылады.
Спикердің сөз сөйлеуі барысында асқазанның ҚІ диагностикасы және емдеу бөлігіндегі негізгі проблемалар және оларды шешу жолдары айтылды.
Айтылған проблемалық мәселелердің ішінде операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу және емдеудің жалпы болжамын жақсарту үшін қажетті асқазан обырын емдеуден кейінгі оңалту ерекшеліктеріне назар аударылды.