Сенбі, 5 ақпан күні сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін Ұлттық ғылыми онкология орталығының клиникалық-диагностикалық орталығында ісік алды ауруларын және асқазан обырының ерте нысандарын ерте анықтау бойынша Ашық есік күні өтеді.
Акция Дүниежүзілік обыр ауруларымен күрес күні аясында өткізіледі. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты - қатерлі ісіктердің алдын алу және ерте диагностикалау, сондай-ақ өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.
Барлық ниет білдірушілер Орталықтың онколог, гастроэнтеролог дәрігерлерінен тегін кеңес ала алады.
Сапалы және уақытылы кеңес алу және эпидемияға қарсы шараларды сақтау үшін келесі ережелерді сақтауды сұраймыз:
⚜ алдын ала Сall-орталықтың 8-7172-702-911 телефоны бойынша дәрігерге жазылу және өзінің қабылдау уақытына келу қажет. Жазу жұмыс күндері (дс. - жм.) жүргізіледі сағат 8:30-ден 17:00-ге дейін;
⚜ еріп жүрушілердің, әсіресе балалардың санын азайтуды сұраймыз;
⚜ егер сізде ЖРВИ белгілері болса, өзіңізді нашар сезінсеңіз, дәрігерге Ашық есік күніне бармаған дұрыс, өйткені температурасы жоғары адамдар Ұлттық ғылыми онкология орталығының клиникалық-диагностикалық орталығына жіберілмейді;
⚜ өзімен бірге жеке куәлігі және алдыңғы зерттеулердің нәтижелері (олар болған жағдайда) болуы қажет.
Ұмытпаңыз, кез келген қатерлі ісікті диагностикалауды және емдеуде кешіктіруге болмайды. Егер сізді күдік немесе күмән мазалайтын болса, дәрігерге шұғыл жүгінуге кеңес береміз.
Аман-сау болыңыз!
Біздің мекен-жайымыз: Нұр-Сұлтан қ., Керей, Жәнібек хандар к-сі, 3