15 ақпанда ҰҒОО - да «Канцерогендер. Темекі шегудің, алкогольдің және дұрыс тамақтанбаудың қатерлі ісік қаупіне әсері».
Дәріске дәрігерлер, онкологтар, ЖОО оқытушылары, білім алушылар (резидент дәрігерлер, бакалавр және интернатура студенттері) және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.
Спикер ретінде MD, PhD Сапарбай Д. Ж. сөз сөйледі.
Дәріс барысында темекі шегудің таралуы, әлемде алкогольді тұтыну және дұрыс тамақтанбау мәселелері қозғалды. Бұл факторлардың адам денсаулығына кері әсерін тигізуі, асқазан қатерлі ісігі, өкпе қатерлі ісігі, бауыр қатерлі ісігі, асқазан және тоқ ішек қатерлі ісігі сияқты аурулардың дамуына әкеледі.
Аудитория созылмалы қабыну процестері бар науқастарда дұрыс тамақтанудың маңыздылығы туралы мәселені көтерді. Өздеріңіз білетіндей, жиі созылмалы қабыну аурулары қатерлі ісікке дейінгі жағдайларға және кейіннен қатерлі ісіктердің дамуына әкелуі мүмкін. Осылайша, әр жеке жағдайда пациенттер үшін нутрициологтар жасаған дұрыс тамақтану принциптері қабыну процесін азайтады және қатерлі ісік ауруының қаупін азайтады.
Қатысушылар конференция спикері мен ұйымдастырушыларына өткізілген іс-шара үшін алғыстарын білдірді.