2021 жылғы 5 ақпанда сағат 14: 00-де Нұр-сұлтан қаласының Ұлттық онкологиялық ғылыми орталығында "Онкологиядағы Гепатопанкреатобилиарлық хирургия: ҰҒО тәжірибесі"тақырыбында онлайн-конференция ұйымдастырылды және өткізілді.
Кеңеске өңірлердегі мамандар: онкологиялық мекемелердің бас дәрігерлері, онкологиялық орталықтар басшыларының емдеу ісі жөніндегі орынбасарлары, хирург дәрігерлер, аудандық және қалалық онкологтар қатысты.
Спикер болып гепатология, гастроэнтерология және органдарды трансплантациялау орталығының меңгерушісі Спатаев Жанат Сейітбатталұлы сөз сөйледі, ол бөлімшенің жұмысы, бауыр мен ұйқы безі обырын хирургиялық емдеудің нәтижелері мен тәжірибесі, сондай-ақ қатерлі түзілімдер кезінде бауыр трансплантациясы туралы айтып берді.
Талқылау барысында ұйқы безінің қатерлі ісігін диагностикалауға қатысты мәселелер талқыланды. Нәтижесінде осы мәселені бірлесіп талқылау және шешу үшін жеке алаң, дөңгелек үстел ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
Қатысушылар конференция спикері мен ұйымдастырушыларына өткізілген іс-шара үшін және гепатопанкреатобилиарлық хирургия және бауыр трансплантациясы бөлімінің жұмысымен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді, сондай-ақ тәжірибе алмасу және практикалық дағдыларды жақсарту үшін осындай кездесулерді жиі өткізуге ниет білдірді.