Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

29.09.2021
Қазақстанда жыл сайын сүт безі обырының 5 мыңға жуық жаңа жағдайы анықталады.Әйелдер арасында онкопатология құрылымында обырдың бұл түрі бірінші орын алады және әйелдердегі барлық қатерлі ісіктер санының 27%-дан астамын құрайды.

 

Бүгінгі таңда бұл қауіпті аурудың алдын-алатын - осы ауру туралы білім ғана. Сүт безінің ісікалды және ісік ауруларының алдын алу және ерте анықтау, уақтылы тиімді емдеу жүргізу мүмкін болған кезде, әйелдерге өмірді, денсаулық пен сұлулықты сақтауға, сондай-ақ толыққанды өмірге оралуға нақты мүмкіндік береді.


Қоғамның назарын осы мәселеге аудару, халықтың сүт безі обырының ерте белгілері туралы хабардарлығын арттыру үшін Ұлттық ғылыми онкология орталығы 21 қазан - Дүниежүзілік сүт безі обыры (СБО) туралы хабардарлық күніне орайластырылған ақпараттық науқан жоспарлады.


Көрсетілген ақпараттық науқан шеңберінде, Бейсенбі, 30 қыркүйек сағат 11.00-де (ZOOM конференциясына сілтеме бойынша қосылу: https://us02web.zoom.us/j/87161427473?pwd=WTlWK1JKckhzYndra3VsaUkzNDRVQT09

Конференция идентификаторы: 871 6142 7473 кіру коды: 774341)


Сіздерді Ұлттық ғылыми онкология орталығының (Нұр-Сұлтан қ.) онкомаммолог дәрігерінің онлайн дәрісін тыңдауға шақырамыз, онда сіз сүт безі обырының белгілері, қауіп факторлары туралы біле аласыз, скрининг туралы біле аласыз, сондай-ақ Сізді қызықтыратын сұрақтарға жауап аласыз.


Ақпаратты қосуды және тыңдауды ұмытпаңыз, мүмкін бұл Сізге және Сіздің жақындарыңызға (анаңызға, әжеңізге, қарындасыңызға...) өмірді сақтауға көмектеседі!


Алдын алу - Сіздің және жақындарыңыздың денсаулығы үшін ең жақсы қамқорлық!