2021 жылғы 7 қазанда өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында Нұрсұлтан қаласының Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы (Қазақстан) мен Фрайбург қаласының (Германия) университеттік клиникасы арасында онлайн-кездесу өтті.
Аталған іс-шараға Фрайбург қ.университеттік клиникасының өкілдері қатысты: Мария Онищенко – Дубоу – халықаралық медициналық қызметтер орталығы директорының орынбасары, маркетинг бөлімінің басшысы; Олеся Ошчепкова-маркетолог, жобалар жөніндегі қызметкер.
Кездесу барысында қатысушыларға қойылатын талаптар, Германияда іріктеуден және тағылымдамадан өту ерекшеліктері туралы толық ақпарат ұсынылды.
ҰҒО атынан ұсынылатын тұлғалар "Болашақ"халықаралық бағдарламасы шеңберінде оқитын және тағылымдамадан өтетін болады.