Жұма, 10 қыркүйекте сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін Ұлттық ғылыми онкология орталығының клиникалық-диагностикалық орталығында (Нұр-Сұлтан қ., Керей Жәнібек хандар к-сі, 3) «Бүйрек және зәр шығару жолдары»
тақырыбында Ашық есік күнін өткізу жоспарлануда, онда барлық ниет білдірушілер Орталық дәрігерлерінің (уролог, нефролог) білікті кеңесін тегін ала алады.
Акция бүйректің, қуықтың, қуықасты безінің ісікалды және ісік ауруларының алдын алу, ерте диагностикалау және емдеу, сондай-ақ қатерлі ісіктерді уақтылы тексеру және алдын алу қажеттілігі туралы халықтың хабардар болуын арттыру мақсатында өткізіледі.
Сапалы және уақтылы кеңес алу мақсатында, сондай-ақ эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты келесі ережелерді ұстануды сұраймыз:
⚜ алдын ала сall-орталықтың 8-7172-702-911 телефоны бойынша дәрігерге жазылу және қабылдау уақытына келу қажет;
⚜ еріп жүрушілердің, әсіресе балалардың санын азайтуды сұраймыз;
⚜ егер сізде ЖРВИ белгілері болса, өзіңізді нашар сезінсеңіз, Ашық есік күні дәрігерге барудан бас тартыңыз, өйткені температурасы жоғары адамдар Ұлттық ғылыми онкология орталығының клиникалық-диагностикалық орталығына жіберілмейді;
⚜ өзімен бірге жеке куәлігі және алдыңғы тексерулердің нәтижелері (олар болған жағдайда) болуы қажет.
❗Алдын алу – өз денсаулығыңыз үшін ең жақсы қамқорлық.