Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

2021 жылғы 22-23 қазан (сізге ыңғайлы болу үшін - сенбі күні де) Ұлттық ғылыми онкология орталығында Дүниежүзілік сүт безі обыры туралы хабардарлық күніне (СБО) арналған Ашық есік күні өтеді.

Акцияның мақсаты - әйелдеріміздің СБО алдын алу, диагностикалау және емдеудің ерте белгілері мен қолданыстағы әдістері туралы хабардар болуын арттыру. Іс-шара барысында барлық тілек білдірушілер маммологтар мен УДЗ мамандарының (қажет болған жағдайда) білікті кеңесін тегін ала алады.

Онкопатология құрылымында біздің еліміздің әйелдер арасында қатерлі ісіктің бұл түрі бірінші орын алады. Сүт безінің ісікалды және ісік ауруларының алдын алу және ерте анықтау, уақтылы тиімді ем жүргізу мүмкін болған кезде, әйелдерге өмірді, денсаулық пен сұлулықты сақтауға, сондай-ақ толыққанды өмірге оралуға нақты мүмкіндік береді.

Акцияны өткізу уақыты: сағат 9:00-ден 14: 00-ге дейін

Өткізу орны: ҰҒОО клиникалық-диагностикалық орталығы, мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Керей, Жәнібек хандар көшесі, 3.

Консультациялар күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша ғана жүргізіледі.

Сапалы және уақтылы кеңес алу үшін келесі ережелерді сақтауыңызды сұраймыз:
1) алдын ала Сall-орталықтың 8-7172-702-911 телефоны бойынша дәрігерге жазылу және қабылдау уақытында келу қажет;
2) еріп жүрушілердің, әсіресе балалардың санын азайтуды сұраймыз;
3) егер сізде ЖРВИ белгілері болса, өзіңізді нашар сезінсеңіз, Ашық есік күні дәрігерге бармағаңыз дұрыс болады, өйткені безгегі бар адамдар Ұлттық ғылыми онкология орталығының клиникалық-диагностикалық орталығына жіберілмейді;

5)өзімен бірге жеке куәлігі және алдыңғы тексерулердің нәтижелері (олар болған жағдайда) болуы қажет.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНЕ ҚАРСЫ ЕҢ БАСТЫСЫ КҮРЕС ТӘСІЛІ - СІЗДІҢ ХАБАРДАРЛЫҒЫҢЫЗ БЕН ҚЫРАҒЫЛЫҒЫҢЫЗ!