Нұр-Сұлтанда ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесі мен Ұлттық ғылыми онкология орталығы (ҰҒОО) өкілдерінің кездесуі өтті. Тараптар ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады.
ҰҒОО өкілдері Қазақстанның елордасында қолданыстағы онкология және трансплантология орталығы базасында Ұлттық ғылыми онкология орталығын құру жоспарларымен бөлісті, сондай-ақ 200 төсекке арналған ҰҒОО-ның жаңа емдеу-диагностикалық корпусының жобасымен таныстырды.
«Қазақстанда жыл сайын онкологиялық аурулардың 35 мыңнан астам жаңа жағдайы анықталады, олардың бір бөлігі соңғы сатыда диагностикаланады. Жаңа онкологиялық орталықтың құрылысы стратегиялық маңызды және әлеуметтік маңызды жоба болып табылады, оның мақсаты Қазақстан халқына жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету», - деп атап өтті кездесу барысында ҰҒО Басқарма төрағасы Гүлнар Құлқаева.
ДДҰ Вкz елдік кеңсесінің басшысы доктор Кэролайн Кларинваль ҰҒОО өкілдеріне орталықтың жұмысы мен даму жоспарлары туралы білуге мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.
«Біз сіздердің алдарыңызда тұрған жұмыстың көлемін жақсы түсінеміз, және бұл Қазақстан үшін өте маңызды. 2020 жыл бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйелері үшін қиын жыл болды, бірақ бүгінде жағдай біртіндеп жақсарып келе жатқанда, онкологиялық аурулардың алдын алу және оны ерте анықтауды, диагностикаға, емдеуге және паллиативті күтімге қол жетімділікті жақсартуды қоса алғанда, басқа бағыттарға шоғырлану қажет. Осы бағыттар бойынша ДДҰ білімімен бөлісуге және техникалық қолдау көрсетуге дайын».