2021 жылғы 9 наурызда Ұлттық ғылыми онкология орталығында әйелдердің ұрпақты болу жүйесінің ісік ауруларының алдын алу және ерте диагностикалау мақсатында Халықаралық әйелдер күніне арналған Ашық есік күні өтеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанның онкологиялық ұйымдарында 180 мыңнан астам онкологиялық науқастар есепте тұр. Жыл сайын онкологиялық аурулардан 15 мың адам қайтыс болады.
Әйелдердің ұрпақты болу жүйесінің қатерлі ісіктері әлі де онкологиялық аурулардың ең көп таралған түрлеріне жатады. Сонымен, сүт безі қатерлі ісігі әйелдер арасында жетекші қатерлі патология болып қала береді, таралу дәрежесі бойынша бірінші орын алады – 4955 жағдай (2019 ж.). Жатыр мойны қатерлі ісігі аурудың таралуы бойынша төртінші орында – 1797 жағдай (2019ж.).
Онкологиялық аурулармен күрес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының басым бағыттарының бірі екені белгілі. Мемлекет халыққа онкологиялық көмек көрсету үшін жан-жақты шаралар қабылдауда. Осылайша, еліміздегі онкологиялық науқастарды диагностикалау мен емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және МӘМС шеңберінде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, өткен жылдан бастап «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің және ҚР Еңбек кодексінің нормалары күшіне енді, олар жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік демалысқа құқығын бекітеді – кемінде 3 күн, ол скринингтік тексерулерден өту үшін беріледі. Яғни, заңнама нормаларына сәйкес, жұмыс беруші жұмыскерлерді еңбекақысы мен жұмыс орнын сақтап, скринингтен өту үшін кедергісіз жіберуге міндетті.
Әйелдердің репродуктивтік жүйесінің онкопатологияларын анықтау үшін скринингтер дені сау тұрғындар арасында тіркелген жері бойынша емханада жүргізіледі: сүт безі қатерлі ісігіне (әйелдер), жатыр мойны обырына (әйелдер).
Ұлттық ғылыми онкология орталығы ісік алды және ісік патологияларының алдын алу, ерте диагностикалау және емдеу миссиясын басшылыққа алып, әйел денсаулығын сақтауға арналған Ашық есік күнін өткізеді.
Бұл күні онкодиспансерде есепте тұрмаған әйелдер ҰҒОО-ға тексеруден өтуге және үздік мамандардан: маммологтардан, гинекологтардан тегін кеңес алуға шақырылады.
Алайда, эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бұл науқан жаппай бола алмайтынына және келесі шарттар сақталған жағдайда өткізілетініне назар аударуыңызды сұраймыз:
- Бұл күні мамандардың тексерулері мен қараулары ҰҒОО-ның консультациялық-диагностикалық орталығында (бұдан әрі - КДО) алдын ала жазылу бойынша және санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтап қатаң түрде жүргізілетін болады. Тексеруден өту және жазылу үшін Call-орталықтың байланыс телефондары: 8 (7172) 702-911.
- Тексеру онкологиялық ауру себебі бойынша есепте тұрмаған әйелдер үшін жүргізіледі.
- Тексеруге тілек білдірушілер жақындарының, туыстарының және балаларының еріп жүруінсіз өз бетінше келуге тиіс. Қажет болған жағдайда бір еріп жүрушіге рұқсат етіледі.
- Егер сіз өзіңізді нашар сезінсеңіз, тексеруден бас тартуыңыз керек, өйткені дене ыстығы және суық тию және жұқпалы аурулардың белгілері бар адамдар КДО-ға жіберілмейді.
- Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болу керек, сондай-ақ алдыңғы тексерулердің нәтижелері болса, өзіңізбен бірге алыңыз.
ҰҒОО баспасөз қызметінің іс-шараны БАҚ-та жариялау мәселелері бойынша байланыстары:
Тел. 8 (7172) 702-900 (ішкі1611), +77013026389,