Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Жыл сайын әлемнің 20-дан астам елінде әйелдердің қауіп факторлары туралы хабардар болуын арттыру, белгілерді анықтау және аналық без, жатыр мойны және эндометрия обырымен күресуде шаралар қабылдау мақсатында гинекологиялық обыр туралы халықаралық хабардарлық күніне арналған іс-шара өткізіледі.

 

2018 жылы бүкіл әлемде 1,3 миллионнан астам әйелге гинекологиялық обыр диагнозы қойылды: шамамен 44% – жатыр мойны обыры, 23% аналық без обырының жаңа жағдайы, 29% эндометрия обыры және тағы 5% – басқа локализация.

ҚазОРҒЗИ деректеріне сәйкес, 2019 жылы өмірінде алғаш рет қатерлі ісік диагнозымен сырқаттану жағдайларының абсолюттік саны мынадай деректерді көрсетеді: сүт безі обыры - 4955 (26,6), жатыр мойны обыры - 1797 (9,6), аналық без обыры - 1146 (6.2).

Әйелдерде қатерлі аурулар жиілігінің құрылымы едәуір өзгерді: жатыр денесінің обыры 4-тен 3-ші орынға, аналық без обыры 2018 жылмен салыстырғанда 3-тен 4-ші орынға төмендеді:
- бірінші орында сүт безі обыры-27,2%,
- екінші орында жатыр мойны обыры-
- үшінші орында жатыр денесінің обыры - 6,5%,
- төртінші орында аналық без обыры - 6,3%.

Көбінесе әйелдерде қатерлі ісік тым кеш диагноз қойылады. Бұл негізінен медициналық көмекке кеш жүгінумен және скринингтік тексеруден уақтылы өтпеумен байланысты.
Онкогинекологиялық аурулардың алдын алуға болатындығын ескертеміз.

Тұрақты скрининг пен тексерулер, сондай-ақ салауатты өмір салтын таңдау әйелдерді қатерлі ісіктен қорғайды. Қатерлі ісік ауруының ерте диагнозымен тіпті толық емделуге болатындығын есте ұстаған жөн.

Қазақстанда онкологиялық ауруларды анықтау үшін Ұлттық скринингтік бағдарламалар бар:
- сүт безі обыры - 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер.
- жатыр мойны обыры-30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер.

Скринингтен тіркелу орны бойынша емханадан тегін өтуге болады.

Бұдан басқа, заңнамалық деңгейде скринингтен өту үшін қызметкерлердің еңбекақысы сақталатын әлеуметтік демалыс алу құқығы бекітілген.

➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖

Международный День осведомленности о гинекологическом раке

Ежегодно более чем в 20 странах мира проводится мероприятие, посвященное Международному Дню осведомленности о гинекологическом раке с целью повышения осведомленности женщин о факторах риска, выявления признаков и принятия мер в борьбе с раком яичников, шейки матки и эндометрией.

В 2018 году более чем у 1,3 миллиона женщин во всем мире были диагностированы гинекологические раки: около 44% – это рак шейки матки, 23% новых случаев рака яичников, 29% рак эндометрия, и еще 5% – другие локализации.

Согласно данным КазНИОиР, абсолютное число случаев заболеваемости в 2019 году с впервые в жизни с установленным диагнозом злокачественного новообразования показывает следующие данные: рак молочной железы- 4955 (26,6), шейки матки- 1797 (9,6), рак яичников- 1146 (6.2).
Структура частоты злокачественных заболеваний у женщин по рангам изменилась более значительно: рак тела матки поднялся с 4-го на 3-е место, рак яичников опустился с 3 на 4 место по сравнению с 2018 годом:
- на первом месте рак молочной железы- 27,2%,
- на втором месте рак шейки матки- 9,9%,
- на третьем рак тела матки- 6,5%,
- на четвертом рак яичника- 6,3%.

Зачастую у женщин злокачественные новообразования диагностируются слишком поздно. В основном это связано с поздним обращением за медицинской помощью и несвоевременного прохождения скринингового осмотра.

Отметим, что онкогинекологические заболевания можно предотвратить.
Регулярный скрининг и осмотры, а также выбор здорового образа жизни, могут защитить женщин от рака. И стоит помнить, что при ранней диагностике рака возможно даже полное излечение.

Для выявления онкологических заболеваний в Казахстане существуют национальные скрининговые программы:
- рак молочной железы – женщины от 40 до 70 лет.
- рак шейки матки – женщины от 30 до 70 лет.

Скрининг можно пройти в поликлинике по месту прикрепления бесплатно.

Кроме того, на законодательном уровне закреплено право работников на социальный отпуск с сохранением заработной платы для прохождения скрининга.