Тамыз айында Ұлттық ғылыми онкология орталығы әлемдегі жетекші онкологиялық орталықтармен серіктестікті нығайту және дамыту мақсатында
келесі медициналық орталықтармен онлайн кездесулер өткізді: Анадолу (Түркия); Samsung (Оңтүстік Корея); Н.Н. Блохин атындағы ғылыми медициналық зерттеу орталығы (Ресей); Онкология ғылыми медициналық зерттеу орталығы, Ростов-на-Дону қаласы (Ресей).
Кездесу барысында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасау, тәжірибе алмасу, кәсіби білім беруді үнемі жетілдіру, медициналық және медициналық емес мамандардың біліктілігін арттыру курстары мен әр түрлі мастер-класстар, медициналық консультациялар, телемедициналық консультациялар және басқа да мәселелер талқыланды.
Бұдан басқа, бүгінгі таңда Ұлттық ғылыми онкология орталығы Германия, Франция, Ұлыбритания, Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей және т. б. жетекші клиникалармен 10-нан астам меморандум жасасты.